АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 08.08.2016


Мектеп жәрмеңкесі өткізілді

Күні: , 324 рет оқылды

DSC_0012 - копияБұдан бұрын газетімізде хабарланғанындай, өткен сенбіде орталық базарда мектеп жәрмеңкесі өткізіліп, оған аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин бастаған аудан активінің мүшелері қатысты. Жалпыға бірдей білім беру айлығы мен 1 тамыздан бастау алған дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен ұйымдастырылуда. Акция барысында аудан мектептерінде «Бақытты балалық шақ мекені», «Балаға мейірім сыйла!», «Ауыл балаларына – мектепке сыйлықтар!», «Отбасы отбасыға көмек көрсетеді: балаларды мектепке дайындаймыз!» үндеуімен қайырымдылық марафондары өткізілмекші. -Акцияның басты мақсаты – әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету және барлық мектеп жасындағы балаларды міндетті орта біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Екіншіден, бұл акция – қайырымдылық акциясы болғандықтан, көптің қолдауы мен көмегі аса қажет,-дейді аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Айгерім Құбаева. Айтқандайын, акцияға орай жеке кәсіпкерлер Ескендір Елемесов пен Айболат Аяпов Т. Жароков атындағы ЖББОМ-ның 20 оқушысына мектепке қажетті оқу құралдарымен демеушілік көрсеткен екен. Сондай-ақ кәсіпкерлер Манарбек Тастанов, Света Исаева, Гүлназ Шатикова, Сәния Сералиева, Қарлығаш Бекесова, Райса Тастанова А. Оразбаева атындағы ЖББНМ-ның, кәсіпкер Серік Сәрсенғалиев №1 ЖББОМ-ның бір топ оқушыларына көмек қолдарын созыпты. Жәрмеңке барысында аталмыш мектептердің директорлары Ермек Жұмагереев, Нұртілек Мизамбаев, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Анаргүл Сариева оқушыларға оқу құралдарын салтанатты жағдайда табыс етті. Аудан басшысы сауда сөрелерін аралап, оның жүру барысымен танысты. Бұл күні де базарда бау-бақша дақылдары мен мал өнімдері молынан сатылды. Асқар ҚҰСАЙЫНОВ

Партия төрағасы сайланды

Күні: , 188 рет оқылды

IMG_4957 - копияЖәнібек ауданы әкімдігінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс XXIII — ші конференциясы өтті. Конференцияны партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев ашып жүргізді. Конференцияның  редакциялық, мандат, есеп комиссияларының және хатшылық құрамы сайланды. Конференцияның күн тәртібіне  «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасын сайлау, аудандық партия саяси кеңесінің құрамына өзгертулер енгізу және Қазақстан Республикасының Президенті, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауын және Елбасының «Бес институционалды реформаны орындау жөніндегі 100 нақты қадам» атты Ұлт Жоспарын жүзеге асыру бойынша «Нұр Отан» партиясы Жәнібек аудандық филиалының жұмысы туралы үш мәселе ұсынылды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары міндетін атқарушы Гүлназ Құлжанова Батыс Қазақстан облыстық партия филиалы төрағасының тапсырмасына сәйкес аудандық партияның төрағалығына аудан әкімі Наурызбай Қарағойшиннің кандидатурасын ұсынды. Конференция делегаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдап, «Нұр Отан» партиясы Жәнібек аудандық филиалының төрағасы болып Наурызбай Қарағойшин сайланды. Делегаттардың қолдауымен ол, сондай-ақ  аудандық филиалдың Саяси кеңес және Саяси кеңес бюросының мүшелігіне енгізілді. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы болып сайланған Наурызбай Қадірбайұлы өзіне зор сенім көрсеткен облыстық партия филиалы төрағасы Алтай Көлгіновке және конференция делегаттарына ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта аудандық партияның сапасын арттыру, жастармен жұмысты жандандыру бағытында жұмыстар жүргізілетінін баян етті. Конференцияның күн тәртібіндегі үшінші мәселе «Қазақстан Республикасының Президенті, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауын және Елбасының «Бес институционалды реформаны орындау жөніндегі 100 нақты қадам» атты Ұлт Жоспарын жүзеге асыру бойынша «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қызметі туралы» партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев баяндама жасады. Баяндамадан соң жарыссөз басталып, оған аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов, Борсы бастауыш партия ұйымының төрайымы Айгүл Бекқалиева, «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Сағынбек Стамов қатысты. Конференцияда, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары міндетін атқарушы Гүлназ Құлжанова партияның алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер туралы сөз сөйледі. Н.Жапақов

Аудан әкімдігінің отырысы

Күні: , 174 рет оқылды

 
????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

Аудан әкімі Наурызбай Қарағойшиннің төрағалығымен аудан әкімдігінің отырысы оздырылып, оған әкімдіктің мүшелері мен дербес бөлімдердің басшылары қатысты. Отырыста аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ауданда атқарылған және алдағы уақытта жүзеге асырылатын шаралар туралы»; аудандық білім беру бөлімінің басшысы Мұратқали Ғазезов «Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындық мәселелері туралы»; аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сариев «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері туралы», «Жәнібек ауданы бойынша ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы» және «Облыс әкімдігінің 2016 жылғы 3 тамыздағы №236 «ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 шілдедегі №448 «ҚР Үкіметінің арнайы резервінен қаражат бөлу туралы» қаулысын іске асыру туралы»; аудандық жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Арман Исқақов «Г.Қажалаевтың жер көлемін сұраған өтінішін кері қайтару туралы» және «Сүйініш» шаруа қожалығына жер телімін пайдалану құқығын беру туралы» хабарламалар жасап, өз салалары бойынша осы уақытқа дейін істелген және алдағы кезде атқарылатын жұмыстар жөнінде баяндады. Отырыста қаралған мәселелерге байланысты аудан басшысы сөз сөйлеп, бірқатар нақты тапсырмалар берді. А.ЕСІРКЕПОВ

Аналар кеңесінің отырысы

Күні: , 1 008 рет оқылды

IMG_4481 - копияАудандық аналар кеңесінің кезекті отырысы өтіп, оны аталмыш кеңестің төрайымы Дина Сапашева жүргізіп отырды. Басқосуға сондай-ақ, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова, аудандық аурухананың психологі Лаида Ахмурзина және барлық ауылдық округтердегі аналар ұйымдарының төрайымдары қатысты. Алдымен, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Дина Сапашева кеңестің құрамы мен ережесіндегі өзгерістермен және алдағы жұмыс жоспарымен таныстырып өтті. Мұнан кейін Күйгенкөл ауылдық округіндегі аналар ұйымының жұмысы жөнінде аталған ұйымның төрайымы Жеміс Бисенова баяндады. Жеміс Биқашқызының айтуынша, аналар ұйымы ауылда оздырылатын түрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға белсенді атсалысады. Мәселен, жуырда ауылдағы аналар ұйымы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Келін оңбай, қазақ оңбас» атты шара өтіп, онда ибалы келін болудың маңызы жайында талқыланыпты. Аналар ұйымының төрайымы Күйгенкөл ауылында осы бағыттағы кездесу, дөңгелек үстелдер алдағы уақытта да жалғасын табатындығын, ол үшін іс-шаралар жоспары құрылғандығын атап айтты. Басқосуда аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова «Ақ орамал» республикалық акциясын өткізу жөнінде хабарлама оқыды. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбавтың Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммитте жариялаған «Әлем. XXI ғасыр» манифесін ілгерілетуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы «Ақ орамал» акциясын өткізуге бастама жасаған. Үстіміздегі жылдың 29 тамыз күні оздырылатын акция еліміздің барша азаматтарын этностық шығу тегіне, әлеуметтік, діни немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыруға бағытталған. Бұл күні ауданның барлық ауылдарында аналар соғыста ерлік көрсеткен батырлардың, саяси қуғын-сүргін, ашаршылық құрбандарының ескерткіштеріне гүл шоқтары мен ақ орамалды қояды және жас келіндер мен жаңа босанған әйелдерге ақ орамалды сыйға тартады. Кеңес отырысының соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, бірнеше өзекті мәселелерді ортаға салды. Д.ЗЕННАТ

БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
shugulazhanibek@mail.ru

"Шұғыла"

8-711-35-21-770

.