АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 26.09.2016


Байтақ жерге жау тигізбес, Сарбаздары қазағымның

Күні: , 434 рет оқылды

img_8609-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%8f Аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің 2036 әскери бөлімінің құрылғанына  11 жыл толуына арналған мерекелік концерт оздырылды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалған соң, 2036 әскери бөлімінің командирі подполковник Тілек Исханов өзінің құттықтау сөзінде 2005 жылдың  24 қыркүйегінде  Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұйрығымен  Орал шекара отрядының базасында  Жәнібек шекара отрядының құрылғанын, бүгінгі таңда  отрядтың Қазақ-Ресей  мемлекеттік шекарасының  600 шақырымнан астам жерін қырағы күзетіп отырғанына, 2006 жылдың 31 мамырында «Жақсыбай» шекара заставасына әскери комиссар Хаби Халиуллиннің есімі берілгендігін айтып, өзі жетінші командирі болып табылатын отрядтың өткен тарихына шолу жасады. Он бір жылдың ішінде  өзіндік  ізгі жауынгерлік дәстүрді қалыптастырып,  жоғары жетістіктерге қол жеткізудің сыры  келісімшарт бойынша әскери қызметкерлердің, прапорщиктер мен офицерлердің, жұмысшылар мен қызметкерлердің тізе қосып бірігіп атқарған еңбегінде жатқандығына тоқталып, мемлекеттік шекараның беріктігі –  шекара шебін қорғайтын сарбаздан бастап, барлық қаруластарының қырағы қызметіне  байланысты екендігін айтты. Әріптестеріне алғаусыз тілегін  келісімшарт әскери қызметкерлері атынан сержант Баян Тұрсынбекова, қызметкерлер атынан Бақыт Есенғалиевалар  жеткізді. Одан соң 2036 әскери бөлімнің командирі подполковник Тілек Ихсанов  қызметтік  міндетін адал орындағаны, қызметте  қол жеткізген  табыстары  үшін мерекеге орай әскери қызметшілер мен қызметшілерінің бірқатарын марапаттады. Сондай-ақ, жаппай бүқаралық шараларды ұйымдастыруға көмек көрсетіп, отрядтың  қоғамдық -мәдени өміріне  белсене қатысып жүрген аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұжымына алғыс хат  табыстады. Мерекелік концерттің шымылдығын «Ақмаржан» халықтық би ансамблі «Шаттық» биімен ашты. Шынар Каюпова  орындаған «Туған жер», Райымбек Кәрімов әуелеткен  «Сағынып келем ауылға»,  шекарашы сарбаздар Серікжан Тасболатовтың домбырамен асқақтата салған «Ақ бұлақ», Дияс Бекбосынның Шәмші әндерінен шырқаған попурриіне  көрермендер ризашылықпен қол соқса, Ақтоты  Ешматова орындаған «Бұлбұл» әніне деген қошемет ерекше болды. Айшат Хамзинаның «Халқыма», дуэттің сызылтқан «Махаббат жыры» әндері өз бояуымен құбылды. Ербол Бекесов асқақ рухпен шырқаған  «Атамекен» әнімен мерекелік шара өз мәресіне етті.                                                                                                                                           Меңдігүл ФАЗЫЛОВА

Тұрғындар уәжіне құлақ асты

Күні: , 164 рет оқылды

img_8428-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%8f Аудан әкімінің мәжіліс залында аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға барлығы 9 адам келіп, жұмыс, тұрғын үй, жеке мәселелерін айтып, көмек сұрады. Қабылдауда болған Жәнібек  ауылының тұрғыны Ғайнуш Дегитаев келініне мамандығы бойынша жұмыс сұрады. Оның уәжін тыңдаған аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолығу керектігін айтып, бос жұмыс орны болған жағдайда ғана жұмысқа алынатынын жеткізді. Сонымен қатар Ануар Қарағойшин, Қырмызы Егізбаева, Биғайша Аққойшиева, Сағадат Тұралиев, Марат Шурин сынды бірқатар тұрғындар жұмыссыздық мәселесін тілге тиек етсе, Тұрсынгүл Кишкилова, Сәуле Айталиева, Ақтоты Рахметуллина тұрғын үй қажет екендерін айтып, сауалдарына нақты жауаптар алды. Қабылдауға мекеме-ұйымдардың басшылары қатысып, тұрғындар тарапынан қойылған  сұрақтарға тұшымды жауаптар берді.                                                                                                                                      Арайлым КЕСЕКОВА

Жастар саясатының жүзеге асырылуы сөз болды

Күні: , 246 рет оқылды

img_8392-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%8f Аудан әкімінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешовтың төрағалығымен жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы оздырылды. Күн тәртібінде аудандық «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің жұмысы, Борсы, Қамысты, Тау ауылдық округтеріндегі жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы сөз қозғады. Кеңесте «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Руслан Нұралиев, Борсы ауылдық округі әкімінің жетекші маманы Назар Шарипов, Қамысты ауылдық округінің әкімі Асқар Сәрсенғалиев (жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы Кенханов Оралбектің еңбек демалысында болуына байланысты), Тау ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы Сағыныш Сатыбалдиев, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Сағынбек Стамов жастар саясатының жүзеге асырылуы жайында баяндама оқыды. Сонымен қатар жастар арасындағы өзекті мәселелер ортаға салынып, қызу талқыланды.                                                                                                                    Арайлым РАШИТҚЫЗЫ

«Әділет кеңес береді» акциясы өтті

Күні: , 284 рет оқылды

20160923_102938-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%8f «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында «Әділет кеңес береді» республикалық акциясы аясында қоғамдық қабылдау өткізілді. Бұл шараның мақсаты – тұрғындарға құқықтық кеңес беру, партия мен халық арасындағы қарым-қатынасты нығайту, қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту, ауыл тұрғындарының шешімін таппай жүрген мәселелеріне көмек көрсету арқылы бағыт-бағдар беру. Акция шеңберінде бұл жолғы оздырылған қоғамдық қабылдауды әділет басқармасының басшысы Арман Нұрымбаев, аудандық прокуратураның прокуроры Азиз Нияров және халыққа қызмет көрсету орталығы РМК БҚО бойынша филиалының Жәнібек ауданы бойынша бөлімінің басшысы Райгүл Шагирова қабылдау жүргізіп, өздерінің жеке мәселелеріне байланысты сауалдарға нақты жауаптар алды.                                                                                                                                              Арайлым КЕСЕКОВА

Шетелдік автокөліктерді жөндеуден өткізеді

Күні: , 1 297 рет оқылды

img_8281-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%8fНұрлыбекті жұртшылық көп жиналатын той-домалақтарда бейнебаянға, суретке түсіріп жүретінін аудан тұрғындары жақсы біледі. Бір сөзбен айтқанда, ол күні кешеге дейін осы істермен айналысқан. Бұл күнде жасы 40-тан сәл асқан бұл жігіт 2002-2007 жылдар аралығында КАЗИТУ-дың экономика факультетінде білім алып, бухгалтер мамандығын меңгерген екен. Биыл ол «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағытына қатыспаққа бел буыпты. Мақсатын жүзеге асыру үшін аудандық жұмыспен қамту орталығына жиі қатынап, түптеп келгенде дегеніне жетіпті. -Бағдарлама бойынша 1 миллион 600 мың теңге несиеге қол жеткіздім. Әрине, қаржыны алмас бұрын оны қандай кәсіпке жұмсайтынымды өлшеп-пішіп, ой елегінен өткіздім. Несиеге тұрмыстық техникаларды жөндеу және автокөліктердің электрожүйесін диагностикадан өткізу жұмыстарын жүргізуді мақсат тұттым. Қазір несие қолыма тиді. Енді шетелдік жеңіл автокөліктерді компьютер арқылы диагностикадан өткізіп жөндеуді бастамақпын,-дейді Жәнібек ауылының тұрғыны Нұрлыбек Әбдіғалиев бізбен әңгімесінде. Бүгінде ол бұл мақсатын жүзеге асыру үшін автокөліктерді қысы-жазы  жөндеуден өткізетін орынжай салып жатыр. Орынжай құрылысы аяқтала келген. Компьютер және диагностикаға қажетті арнайы бағдарламалар мен автокөлікті жөндеуге қажетті құрал-жабдықтарды алған несиесіне саудалаған.  Нұрлыбектің сөзінше, ауданда тұңғыш рет қолға алынған бастама болғандықтан шығар, әзірге клиент аздау көрінеді. Алайда үшінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жан бола тұрса да,  бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге тырысатын ол бұл тың жұмыстарының жүзеге асатынына бек сенімді. Н.Жапақов

БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
shugulazhanibek@mail.ru

"Шұғыла"

8-711-35-21-770

.