АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 03.07.2017


Жәнібек ауданында жаңа әкім

Күні: , 2 521 рет оқылды

800 Бүгін облыс  әкімі Алтай Көлгінов   Жәнібек  ауданының активіне  жаңа әкімді таныстырды. Бұған дейін облысымыздың Тасқала ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Азамат Сафималиев 2015 жылдың 23 қарашасындағы  «Мемлекеттік қызмет » туралы  Заңына және  мемлекеттік  әкімшілік қызметкерді  ротациялау туралы  ҚР Президентінің  2015 жылғы  29 желтоқсандағы  Жарлығына  сәйкес, Президент  Әкімшілігінің және  Жәнібек  ауданының  мәслихат депутаттарының келісімімен  Жәнібек  ауданының әкімі болып тағайындалды. Азамат Сафималиұлы 1979 жылдың 23 желтоқсанында  Атырау облысы, Атырау қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2000 жылы Мемлекеттік Атырау мұнай және газ институтын инженер-экономист мамандығы бойынша, 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің  жанындағы мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару магистр академиялық  дәрежесінде бітірген. Алғашқы еңбек жолын  2001 жылы Атырау облысы «Нефтестрой сервис  ЛТД» ЖШС-де оператор болып бастаған. 2003 жылы  Атырау облысы қаржы басқармасының мемлекеттік аппарат, қорғаныс және құқық қорғау органдарының және басқа салалардағы бақылау бөлімінің бас маманы, 2005 жылы Атырау облыстық қаржы департаментінде  бюджеттің орындалуын талдау және үйлестіру бөлімінің бас маманы,  бөлім бастығының міндетін атқарушы, бөлім бастығы болып қызмет атқарған. 2005 жылы Атырау облыстық қаржы  департаментінде  әлеуметтік саланың қаржыландыру жоспарларын жүргізу және рұқсат беру бөлімінің бастығы. 2006 жылы Атырау облыстық қаржы департаментінің денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларын қаржыландыру жоспарларын жүргізу және рұқсат беру бөлімінің бастығы болып еңбек еткен. 2006-2008 жылдарда Магистратураның күндізгі бөлімінде екі жыл оқиды. 2008-2009 жылдары Астана қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі, 2009-2010 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі, 2010-2012 жылдары  Орал қаласы әкімінің орынбасары, 2012 жылы   БҚО ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары. 2012 жылдан 2016 жылғы 21 маусымға дейін БҚО, Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. Азамат Сафималиұлы Сафималиев  2016 жылдың 21 маусымынан күні бүгінге дейін Тасқала  ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді .

                                                                                А.ҚҰСАЙЫНОВ


Қолды болған телефон табылды

Күні: , 519 рет оқылды

121416_029566048983Аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы Ернар Сұлтанғалиевтің бізге берген мәліметіне сәйкес, Күйгенкөл ауылдық округіне қарасты Өнеге елді мекенінің тұрғыны Б. деген азаматтың үйінен 25 маусым күні «Fly» маркалы ұялы телефон ұрланған. Жедел тексеру жұмыстарының нәтижесінде А. деген азамат ұсталып, қолды болған зат тәркіленді. Келтірілген шығын 4000 теңгені құрады. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Б.ЖҰМАҒАЗЫ

Дәмхана пайдалануға берілді

Күні: , 1 250 рет оқылды

IMG_1736 - копияЖәрмеңкенің ашылуымен бірге «Нұр» атты кафе де пайдалануға берілді. Дәмхананың иесі Жаңылсын Елекенқызы ашылу рәсімінде сөз алып, мақсаты – аудан халқын таза және табиғи өніммен қамтамасыз ету екенін, ал дәмхананың «Нұр» аталу себебі, Нұрбек, Нұрсұлтан және Нұргүл атты ұл-қыздарының есімдерінің алғашқы әріптерінен құралғанын айта келіп, жиналғандарға «қош келдіңіздер»,-деді. Аудан әкімі Н.Қарағойшин мен кафе иесі Ж.Құрманғалиева лентаны қиғаннан кейін көпшілік ішке кіріп, құтты болсын айтты, дәмнен ауыз тиді. -Дәмхананың иесі — менің зайыбым, кәсіпкер Жаңылсын Құрманғалиева. Мамандығы бойынша аспаз. Ғимаратты өз күшіміз бен өз қаражатымызға салдық. Дәмхана Орал қаласында архитектор болып істейтін үлкен балам Нұрбектің жобасы бойынша салынған, 50 орындық, қосымша 12 адамға арналған ВИП кабинеті бар, ол әлі толық аяқтала қойған жоқ. Залдағы заманауи үстелдер мен орындықтарды Волгоград қаласынан арнайы тапсырыс беріп алдырдық. Дәмхананың кеңсеге арналған жеке кабинеті бар, сонда күнделікті мәселелер шешіліп, келген адамдар мен тапсырыстар қабылданады. Асхана қажетті құрал-жабдықтармен, жиһаздармен жарақтандырылатын болады. Дәмхананың ашылуымен байланысты бес адамды жұмыспен қамтитын боламыз. Алда жоспар көп, қосымша несие алып, бастаған ісімізді одан әрі дамытуды көздеп отырмыз,-деді отағасы Серік Құрманғалиев бізбен әңгімесінде. А.ҚҰСАЙЫНОВ

Жәрмеңкенің маусымдық ашылуы

Күні: , 452 рет оқылды

IMG_1761 - копияГазетіміздің өткен санында хабарлағанымыздай, кеше Жәнібек ауылының орталық базарында аудан әкімдігінің қолдауымен және аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен Астана күніне орай ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің маусымдық ашылуы болды. Оған аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин, аудандық мәслихаттың хатшысы Тахир Қадимов, аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов, ауылдық округтердің әкімдері, дербес бөлімдер мен мекемелердің басшылары қатысты. Алдымен олар жеті ауылдық округтің ауыл шаруашылығы өнімдері қойылған сауда сөрелерін аралап, олардың бағасына назар аударды, сауда-саттықтың жүру барысымен танысты. Тұтынушылармен тілдесіп, олардың ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді. Тұтынушылардың айтуынша, көршілес Ресейден кәсіпкерлер келсе, олардан қаз, үйрек, тауықтың балапандарын, мал азығындық жем, тағы басқа өнімдерді сатып алуға болар еді… -Құрметті аудан тұрғындары, ауылдастар! Баршаңызды Астана күніне орай ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің ашылуымен құттықтаймын! Өздеріңіз білесіздер, біздің аудан негізінен ауыл шаруашылығымен, соның ішінде мал шаруашылығымен айналысады. Елімізде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар қабылданып, іске асырылып жатыр. Соның бірі – бүгінгі ашылғалы отырған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі. Әрине, бұл тұрғыда түрлі көзқарастар болады. Оларды біз алдағы уақытта ескеретін боламыз,-деді жәрмеңкенің салтанатты ашылуында құттықтау сөз сөйлеген Наурызбай Қадырбайұлы. Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Рустам Аманғалиевтің бізге берген мәліметі бойынша сол күні сары май (келісі 2000 теңге), құрт (600 теңге), қой еті (1100 теңге), қаймақ (1100 теңге), ірімшік (300 теңге),  айран (250 теңге), сондай-ақ картоп (170 теңге), қияр (150 теңге), қызанақ (350 теңге) тұтынушылардың себетіне жол тартыпты. Асқар ҚҰСАЙЫНОВ

Көрмеден алған әсерлерімен бөлісті

Күні: , 282 рет оқылды

19665250_1722594851366437_3698706099700129163_n - копияБүгінде елордамыз Астана қаласында төрткүл дүние назарын өзіне аударған ЭКСПО — 2017 халықаралық көрмесі өтіп жатыр. Ол әлемдік маңызы жоғары оқиғаға айналғаны баршамызға аян. Тау ауылдық округінің әкімі аппараты мен модельді кітапхананың бірлесе ұйымдастыруымен ЭКСПО — 2017 халықаралық көрмесіне арналған шара өтті. Шара барысында Астанаға барып келген ауылдағы қоғамдық кеңестің төрағасы Төлеубай Әзбергенов, ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Зүлфия Әмірқызы, жастар нұсқаушысы Сағыныш Алтайұлы, Ғ.Абдуллин атындағы ЖББОМ-ның әлеуметтік педагогы Армангүл Дүйсенбайқызы және мектеп оқушылары көрмеден алған әсерлерімен, қызықты әнгімелерімен бөлісті. Олар өз сөздерінде ЭКСПО — 2017 көрмесінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтып, барша ауыл тұрғындарын Астанадағы көрмені тамашалауға шақырды. Сонымен қатар «Тұмар Транс» туристік агенттігі көрмеге жол тартқан меймандарды жақсы қарсылап алып, сапалы қызмет көрсеткендіктерін тілге тиек етті. Б.ЖҰМАҒАЗЫ

БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
shugulazhanibek@mail.ru

"Шұғыла"

8-711-35-21-770

.