АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 05.07.2017


Тұрғын үй құрылыстарын аралады

Күні: , 1 227 рет оқылды

IMG-20170705-WA0023 - копияӨңір басшысының «облыс бойынша ең көп тұрғын үй Жәнібек ауданында салынып жатыр»,- деп атап өткеніндей, ауданымызға жаңадан әкім болып тағайындалған Азамат Сафималиев өзінің алғашқы жұмыс күнін осы құрылыс нысандарын аралаудан бастады десек, сірә, асыра айтқандық болмас. Жәнібек ауылында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша 104 пәтерлік 48 үйдің құрылысы бастау алған. Үстіміздегі жылдың сәуір айынан бастап, 3 пәтерлік 8 тұрғын үйдің және оның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарының құрылысы жүріп жатыр. Мердігер – «Символ» ЖШС. Бір пәтердің жалпы ауданы – 53, ал бір үйдің ауданы – 160 шаршы метр. Құрылыс жұмыстарына жергілікті жерден 40 шақты адам тартылып отыр. Қазіргі уақытта 3 пәтерлік 5 тұрғын үйдің құрылысы негізінен аяқтала келді. Ал 3 пәтерлік 3 тұрғын үйдің құрылысы бойынша төбе жабындарын жабу және едендерін салу жұмыстары жүргізілуде,- деді аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Манарбек Әдиев. Бұдан кейін Азамат Сафималиұлы Жәнібек ауылының солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бетінен маусым айының аяғында басталған 2 пәтерлік 40 үйдің құрылыс барысымен танысты. Құрылыс жұмыстарын жүргізуді қызылордалық мердігер – «Қазқұрылыссервис» ЖШС мен «Real Stroi Invest» ЖШС өз мойындарына алған екен. Бір пәтердің жалпы ауданы – 71 шаршы метр. Қазіргі уақытта үйлердің іргетасын құю жұмыстарын бастап кету үшін қажетті материалдар жеткізілуде. Әзірге жергілікті жерден 20 шақты адам жұмыспен қамтылып отыр. Тұрғын үйлердің құрылысын ауыспалы түрде келесі жылдың басында аяқтау жоспарлануда. -Аталған тұрғын үйлердің құрылысы толықтай аяқталған кезде, жергілікті атқарушы органның тұрғын үй кезегінде тұрған 250 адамнан 104 отбасы баспанамен қамтамасыз етіліп, 9000 шаршы метр пайдалануға берілетін болады,-дейді Манарбек Таңатарұлы. Аудан басшысы ауылдың батыс бетіне өтіп бара жатып, жолшыбай Иманов көшесіне «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша ауыз су тартып жатырған «Қазқұрылыссервис» ЖШС-ның жұмысымен де танысып, жігіттерімен тілдесті. Жәнібек ауылындағы ауыз су құбырын қайта жаңғырту бойынша құрылыс жұмыстары өткен жылдың қараша айында қолға алынған. Тартылатын су құбырының жалпы ұзындығы – 55 шақырымды құрайды. Күні бүгін соның 20 шақырымы тартылған. Құрылыс жұмыстары аяқталған кезде Жәнібек ауылы бойынша 1800 үй ауыз сумен толықтай қамтамасыз етілмекші. Сондай-ақ осы шілде, тамыз айларында қысымды реттеуші құрылым алаңында жаңадан 50 текше метрлік су қысымды мұнара, қосымша 500 текше метрлік резервуар, насосты станса салынып, ескі резервуар жөнделетін болады. Аудан әкімі Азамат Сафималиев құрылыс жұмыстарымен танысу барысында А.Оразбаева атындағы жалпы білім беретін негізгі мектепке де ат басын бұрды. Білім ұясының үш корпусына «Жәнібектранссервис» ЖШС-ның күшімен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оларға пластикалық терезелер орнатылып, жылыту жүйлері ауыстырылуда, едендеріне линолеум төселмекші. Бір корпустың төбесі қайта ашылып-жабылып, шифері ауыстырылмақ. Корпустардың сыртқы қабырғасына да жөндеу жүргізіліп, айналасы талапқа сай қоршалатын болады. Бұл жұмыстардың барлығын тамыздың 15-іне дейін аяқтау көзделіп отыр. Асқар ҚҰСАЙЫНОВ

БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
shugulazhanibek@mail.ru

"Шұғыла"

8-711-35-21-770

.