АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 10.07.2017


Қолжетімді бағамен сатылды

Күні: , 380 рет оқылды

800 Өткен сенбідегі жәрмеңкеде негізінен мал және бақша өнімдері болды. Олардың бағасы сол күйінде сақталған. Бұл жолы жәрмеңкеге Борсы,Тау және Ақоба ауылдық округтерінен әкелінген үш бас ірі қара, үш қой еті шығарылды. Сиыр етінің келісі 1200, қойдыкі 1100 теңгеден сатылды. Сондай-ақ қол майы, қаймақ, ірімшік, құрт, айран, картоп,пияз, шие, өрік сияқты жеміс-жидектер де көптеп сатылды. Аудан әкімі Азамат Сафималиев пен облыстық мәслихаттың депутаты Ескендір Елемесов сауда сөрелерін аралап, жәрмеңкенің жүру барысымен танысты.

А.ҚОЖАҒҰЛ


Күйгенкөлде жаңа дүкен ашылды

Күні: , 1 032 рет оқылды

IMG_2463 Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев Күйгенкөл ауылдық округінде болған кезде осындағы жеке кәсіпкер Гүлбану Хайрушеваның «Сәбит» азық-түлік дүкенінің ашылу рәсіміне қатысты. -Құрметті жерлестер, Астана күні мерекесі құтты болсын! Баршаңызды жаңа дүкеннің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Елбасының сарабдал саясатының арқасында еліміздің экономикасы қарқынды дамып, халқымыздың әл-ауқаты артып келеді. Бүгінгі шара – соның нақты мысалы. Сондықтан дүкеннің алдағы қызметіне сәттілік тілеймін. Осындай дүкендердің ауылдық жерде ашылғаны жергілікті тұрғындар үшін пайдасы зор,-деді аудан басшысы. Одан кейін еңбек ардагері Ұмсындық Темірғалиева, облыстық мәслихаттың депутаты Ескендір Елемесов, ардагер-ұстаз Жұпар Хамзина ізгі тілектерін білдірді. А.Сафималиев пен Ұ.Темірғалиева есік алдына керілген лентаны қиған соң жиылған көпшілік ішке кіріп, дүкеннен сауда жасады.

                                                                             Ахмедияр БАТЫРХАНОВ


Жаңа басшы ауылдарды аралады

Күні: , 1 050 рет оқылды

IMG_2412   Шілденің 8-і күні Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев кезекті сапарын Күйгенкөл ауылдық округі мен оған қарасты Құрсай, Көлтабан, Өнеге елді мекендеріне арнады. Күйгенкөлде ауыл активімен және жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Ғарифолла Әбдірешев бағзы замандардан қаймағы бұзылмаған, іргесі сөгілмеген ауылда мәдени-әлеуметтік мекемелердің тұрақты жұмыс істеп тұрғанын, округке үш елді мекен қарайтынын, алдағы уақытта су мәселесі шешімін тапса деген пікірін білдірді. «Қоғалы» шаруа қожалығының жетекшісі, еңбек ардагері Ұмсындық Темірғалиева аудан басшысының жаңа қызметіне құтты болсын айтып, жемісті еңбек тілесе, Жаңылсын Темешева Орал қаласы мен аудан орталығына қатынайтын автобустың Жәнібектен лық толып шығатынын, сондықтан қарама-қарсы бағытта жүретін екі автобус шығарылса деген ұсынысын айтты. «Ауыл халқының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсы. Тек Өнеге елді мекенінің тұрғындарын табиғи газдың жоқтығы қинайды.Енді жолдың ел үшін ортақ мәселе екенін жақсы білеміз. Алайда Жәнібек пен екі ортадағы күрежолға күрделі жөндеу жұмыстары өте баяу жүріп жатыр»-деді өз сөзінде ардагер-ұстаз Жұпар Хамзина. Ақоба ауылдық округіндегі кездесуде сөз алған еңбек ардагері Хауа Ешматова ауылдан Жәнібек-Қазталов бағытындағы күрежолға дейінгі жиырма үш шақырымдық грейдермен көктем және күз мезгіліндегі ауа райының қолайсыз кездерінде қатынаудың қиындық тудыратынын, ауылда дүкендер желісінің барлығын, кәсіпкерлердің халыққа көмектесіп тұратындығын тілге тиек етсе, Нұрсұлу Досболатова Астана қаласында өтіп жатырған ЭКСПО халықаралық көрмесіне барып, жақсы әсермен оралғанын, ауылға газ, ауыз судың келіп тұрғанын жеткізді. Екі ауылдық округте өткен кездесу кезінде аудан әкімі Азамат Сафималиев қазіргі таңда ауданда мал азығын дайындау науқаны жүріп жатырғанын, сондықтан өрттен абай болу керектігін, лажы болса, техникалық талапқа сай емес тракторларды науқанға қоспау қажеттігін, осындай техникалардың кесірінен өрт шыққан жағдайда ол үлкен шығынға әкеп соқтыратынын ескертіп өтті. Ақобалықтарға мектеп жанынан спортзал салуға қаржының бөлініп тұрғанын, құрылыстың биыл қолға алынатынын айтты.Сонымен қатар Елбасының алға қойған тапсырмаларын орындау жолында бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендігін, халықтың сенімінен шығу үшін бар күш-жігерін аямай жұмсайтындығын жеткізді. Аудан басшысы екі ауылдық округте болған кезде ондағы әлеуметтік-мәдени мекемелерді аралады. Аудан әкімі А.Сафималиевтің қасында облыстық мәслихаттың депутаты Ескендір Елемесов, аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Роберт Биғалиев бірге жүрді.

                                                                                                           Ахмедияр ҚУАНҰЛЫ


Жайылымды көлдете суару жұмысы жүзеге аспақшы

Күні: , 1 490 рет оқылды

 IMG_2642 Жәнібек ауданының Ақоба ауылдық округіне сапары кезінде аудан әкімі Азамат Сафималиев, аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов және облыстық мәслихат депутаты Ескендір Елемесов Соркөл пунктінде (қыстақ) болып, алдағы уақытта жайылымды көлдете суару үшін көктемгі қар суын тоқтату мақсатында бөгет салып жатырған «УральскСтройИнвест» ЖШС-ның жұмысымен танысты. Серіктестіктің прорабы  Фарид Халимуллин атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде жан-жақты түсінік берді. Оның айтуынша, жұмыс маусымның 15-інде басталған. Қажетті техника мен адам күші тартылған. Қазіргі таңда Әбдіраманда бір, Соркөлде үш участоктің құрылысы қызу жүріп жатыр.                                                                                               

                                                                                      Ахмедияр ҚУАНҰЛЫ


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
shugulazhanibek@mail.ru

"Шұғыла"

8-711-35-21-770

.