АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 15.07.2017


Жәрмеңке жалғасын табуда

Күні: , 536 рет оқылды

800 Бүгін Жәнібек ауылының орталық базарында жәрмеңке өз жалғасын тапты. Онда, әдеттегідей, мал өнімдері мен көкөніс, жеміс-жидектер саттыққа шығарылды. Аудандық кәсіпкерлік бөлімі мамандарының берген мәліметі бойынша Қамысты, Жәнібек ауылдық округтерінің әрқайсысынан бір-бірден ірі қара еті 1200, Күйгенкөл ауылынан қой еті 1100, Ақоба, Қамысты ауылдарынан қолдың май 2000, құрт пен ірімшік 400, қаймақ 1000, сондай-ақ қияр 180, қызанақ 280, алма 400 теңгеден сатылып, бір тіркеме шөптің әр данасы 220 теңгеден тұтынушыларға жол тартқан.

А.ҚОЖАҒҰЛ


«Ән — өмірдің ажары»: екінші кезең

Күні: , 979 рет оқылды

IMG_2814 Кеше Жәнібек аудандық мәдениет және демалыс саябағында «Ән – өмірдің ажары» атты шоу бағдарламаның екінші кезеңі өз жалғасын тапты. «Қайырлы кеш, патша көңіл көрермен! Араға апта салып, Астана күнін тойлап, өздеріңізбен тағы да өміріміздің ажары болған ән думанда жүздесіп отырмыз. Ендеше ән думанға қош келдіңіздер!»-деді кешті жүргізуші Әлішер Кенжеғалиев. Ол бағдарламаға қатысушыларды тәлімгерлерімен бірге ортаға шақырып, қазылар алқасын да таныстырып өтті. Ақтоты Ешматованың ән шашуынан кейін, ортаға кезегімен шыққан төрт топ алғашқы бөлімде туған жер мен елге деген сүйіспеншілік, патриотизм туралы әндерді орындады. Екінші бөлімде топтар еркін тақырып бойынша өздері қалаған қазақ, орыс композиторларының әндерін шырқап, дәрігерлер кинофильмнен көріністі, шекарашылар қоян-қолтық ұрыс әдістерін көрермендер назарына ұсынды. Кеш барысында сондай-ақ М.Дәулетқалиева, С.Кенжеғұлов пен Ш.Каюпова, А.Ешматова ән шырқап, тыңдармандардың көңіл-күйін бір көтеріп тастады. Сонымен, қазылар алқасының шешімімен екі кезеңнің қорытындысы бойынша керемет өнер көрсетіп, сәтті шыққан көріністерімен көпшілікті баурап алған аудандық орталық аурухананың «Музыка терапиясы» тобы (тәлімгері Райымбек Кәрімов) бірінші, 2036 әскери бөлімнің «Шекара жұлдыздары» тобы (тәлімгері Ақнұр Азаматова) екінші, «Кітапхана арулары» тобы (тәлімгері Мейрамгүл Дәулетқалиева) үшінші, «Той-думанның серілері» тобы (тәлімгері Шынар Каюпова) төртінші орынға ие болып, оларға шоу бағдарламаны ұйымдастырушылардың дәрежелі дипломдары мен бағалы сыйлықтары салтанатты түрде табыс етілді.

А.ЕСІРКЕПОВ


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
shugulazhanibek@mail.ru

"Шұғыла"

8-711-35-21-770

.