АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 25.07.2017


Басты міндет – түсінік жұмыстарын жүргізу

Күні: , 350 рет оқылды

  IMG-20170724-WA0010 - копия (2)Жәнібек ауданының әкімдігінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша түсіндіру және ақпараттық жұмыстарды іске асыру мақсатында жиын өткізіліп, оған аудан әкімі Азамат Сафималиев төрағалық етті. Жиынға ауылдық округтердің әкімдері, дербес бөлімдер мен мекемелердің басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. -Өздеріңізге мәлім, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылғы 20 мамырда «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын бекітіп, бес негізгі бағыт бойынша атқарылуы тиіс міндеттерді айқындап берген болатын. Аталмыш жоспардың 80-қадамында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу міндеті қойылып, осы бағытта мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың ынтымақтасқан жауапкершілігі қағидаты негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын күшейту, бастапқы медициналық-санитарлық көмекті басымдықпен қаржыландыру, бастапқы көмек аурудың алдын алу және ерте бастан күресу шаралары белгіленді. Бүгінгі таңда ел аумағында осы міндеттерді жүзеге асыру тәртібі мен тетіктерін түсіндіру жөніндегі жұмыстар қолға алынып, осы бағыттағы жұмыстар ауданымызда да атқарылуда,-деді жиынды кіріспе сөзбен ашқан Азамат Сафималиұлы. Бұдан кейін аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова, аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындайтын міндеттердің ауданымызда жүзеге асырылу барысы туралы, аудандық орталық аурухананың директоры Сәуле Исмағұлова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Біржан Қуанәлиев сақтандыру жүйесінің енгізілуіне байланысты аудан бойынша азаматтардың мәртебесін анықтаудың барысы және мемлекеттік органдардың дерекқорларын өзектендіру жайлы хабарламалар жасады. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Азамат Сафималиев талқыланған мәселелердің маңыздылығын, оларды жүзеге асыруға кітапханашыларды да тарту қажеттігін, басты міндет – тұрғындардың арасында түсінік-ақпараттық жұмыстарын кеңінен жүргізіп, бұл мәселелердің мән-жайын әр адамға жеткізуді, аудан тұрғындарының мәртебесін анықтау жұмыстарын осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырды.

А.ЕСІРКЕПОВ


Су құбыры тартылуда

Күні: , 238 рет оқылды

i - копия (4)  Жәнібек ауданында  Қызылорда қаласынан келген «Қазқұрылыс» ЖШС  құрылысшыларының күшімен 15 шақырым су құбыры жүргізіліп, 84 тұрғын үй ауыз сумен қамтылған. Алдағы уақытта барлығы 800 тұрғынның үйіне ауыз су құбыры тартылып, таза сумен қамтамасыз етілмек. Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Манарбек Әдиев «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша тартылатын су құбырының жалпы ұзындығы 55 шақырымды құрайтынын айтады. Күні бүгін соның 20 шақырымнан астамы тартылған. Сондай-ақ осы шілде, тамыз айларында қысымды реттеуші құрылым алаңында жаңадан 50 текше метрлік су қысымды мұнара, қосымша 500 текше метрлік резервуар, насосты станса салынып, ескі резервуар жөнделмек. -Су құбырының көзі ордалық топтық су құбыры. Су құбырын тарту барысында барлық тұрғындар таза сумен қамтылады. Сол сияқты бұрынғы су құбырларына құдықтар қойылады. Ескірген су құралдары жаңартылып, трансформатор орнатылады,-дейді аталған бөлім басшысы өз сөзінде.  

                                                                                         Н.Өтей


Су құбыры тартылуда

Күні: , 126 рет оқылды

i - копия (2)Жәнібек ауданында  Қызылорда қаласынан келген «Қазқұрылыс» ЖШС  құрылысшыларының күшімен 15 шақырым су құбыры жүргізіліп, 84 тұрғын үй ауыз сумен қамтылған. Алдағы уақытта барлығы 800 тұрғынның үйіне ауыз су құбыры тартылып, таза сумен қамтамасыз етілмек. Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Манарбек Әдиев «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша тартылатын су құбырының жалпы ұзындығы 55 шақырымды құрайтынын айтады. Күні бүгін соның 20 шақырымнан астамы тартылған. Сондай-ақ осы шілде, тамыз айларында қысымды реттеуші құрылым алаңында жаңадан 50 текше метрлік су қысымды мұнара, қосымша 500 текше метрлік резервуар, насосты станса салынып, ескі резервуар жөнделмек. -Су құбырының көзі ордалық топтық су құбыры. Су құбырын тарту барысында барлық тұрғындар таза сумен қамтылады. Сол сияқты бұрынғы су құбырларына құдықтар қойылады. Ескірген су құралдары жаңартылып, трансформатор орнатылады,-дейді аталған бөлім басшысы өз сөзінде.  

                                                                                         Н.Өтей


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
shugulazhanibek@mail.ru

"Шұғыла"

8-711-35-21-770

.