АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 26.07.2017


Бағдарламаға сай несие алды

Күні: , 260 рет оқылды

i283445314551815667._rsw1280h960_szw1280h960_ - копия (2)Жәнібек аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Роберт Биғалиевтың айтуынша,  мемлекет тарапынан түрлі бағдарламаларға сәйкес қомақты қаржы бөлініп келеді. Мұны біздің аудан кәсіпкерлері де айқын сезінуде. Мәселен, тек өткен жылы ғана ауданда 41 адам «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламалары және басқа да қаржылық институттар арқылы 215,4 миллион теңге көлемінде қаржы алып, бизнесін ашуға немесе дамытуға қолайлы жағдай жасалған. – Нақтырақ айтқанда, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша «Мулдашева Н.» жеке кәсіпкерлігі жүн өңдеуге 1,4 миллион және «Қарашева З.» жеке кәсіпкерлігі евроқоршау жасауға 1,4 миллион теңгенің грантына ие болды. Сондай-ақ өткен жылы аталған мемлекеттік бағдарламаға сәйкес пайыздық мөлшерлемені қаражаттандыру бойынша Жәнібек ауылындағы «Жасмина» жеке кәсіпкерлігінен Алмаз Нысанбаев 10 миллион теңге алса, Жақсыбай ауылындағы «Динол» шаруа қожалығынан Бақтығаным Рахметова 4 миллион теңге несиені иеленді,-дейді Роберт Ғаллемұлы  

                                                                                                  Н.Өтей


Ұрлық жасап ұсталды

Күні: , 728 рет оқылды

i (2) - копияҮстіміздегі жылғы 13 шілде күні бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында белгісіз біреулер Жәнібек ауылының тұрғыны У-дың  ауласына заңсыз кіріп, құны 40 мың теңге тұратын 1 бас қойын ұрлаған. -Бұл дерек бойынша  жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында  М және  О  есімді азаматтар анықталып ұсталып, қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта  аталған тұлғалар жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды,-дейді аудандық ішкі істер бөлімінің криминалды полиция тобының жедел уәкілі, полиция капитаны М.Бапахов.  

                                                                             Н.Өтей


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
shugulazhanibek@mail.ru

"Шұғыла"

8-711-35-21-770

.