АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 22.08.2017


Жәрмеңкеге үлес қосты

Күні: , 246 рет оқылды

IMG-20170821-WA0043 - копия   Жуырда еліміздің бас қаласы Астанада Батыс Қазақстан облысының күндері табысты өткені белгілі. Өңірімізден тонналап апарылған ауыл шаруашылығы, азық-түлік, көкөніс өнімдерінің қатарында Жәнібек ауданынан бес сиыр және екі жылқы еті де елордалықтардың себетіне жол тартқанын айтуға болады.

А.ҚОЖАҒҰЛ


Спорт күніне арналды

Күні: , 236 рет оқылды

IMG-20170822-WA0054 Жәнібек аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен спорт күніне орай ардагерлер арасында шахматтан жарыс өтті. Онда 75 жастан асқандар арасында алғашқы үш орынды тиісінше Ғ.Дегетаев, В.Ефимов және Н.Елеуов иемденді. Ал 75 жасқа дейінгілер арасында жүлделі орындарды С.Масанов, Б.Есмұхамбетов, К.Қабдысалиев өзара бөлісті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге жарысты ұйымдастырушылардың дипломдары табыс етілді. А.ЕСІРКЕПОВ

Мал өсіруге несие алуда

Күні: , 226 рет оқылды

i (3) - копияЖәнібек ауданында биылғы жеті айдың ішінде  «Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы шеңберінде халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту мақсатында көзделген жұмыстар жүзеге асырылуда. Жәнібек ауданы әкімдігінің халықты  жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрпейіс Елемесовтың бізге берген мәліметіне сәйкес аталған бағдарламаның  несие беру арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды көздеген  «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» атты  екінші бағыты бойынша да ауданда біркелкі жұмыстар атқарылған. Биыл есепті мерзімде бұл мақсатқа жоба ретінде 22 адамға 105,7 миллион теңге мөлшерінде қаржы қарастырылуда. Қазіргі күні «Игілік» бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚ филиалы арқылы ауданда мал шаруашылығын дамыту үшін 5 адам 26 миллион теңге мөлшерінде несие алған. Ал «Іскер» бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 5 адам мал бордақылау және мал сою орнын ұлғайту мақсатына 24,5 миллион теңге несие қаржыларын алды.

                                                                                            Н.Өтей


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
shugulazhanibek@mail.ru

"Шұғыла"

8-711-35-21-770

.