АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 28.08.2017


Ерлігі ел есінде

Күні: , 260 рет оқылды

5 Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылында Ұлы Отан соғысының ардагері Қажен Сұлтанғалиевті  еске алу  және ол тұрған үйге ескерткіш тақта орнату рәсімі өткізілді. Шараға  ауылдық округ әкімі Әлия Оспанова, ауыл тұрғындары  және Қ. Сұлтанғалиевтың Бөкей Ордасы ауданынан келген   баласы Жасқайрат Сұлтанғалиев пен келіні Гүлжиян Исағалиева, олардың ұрпақтары  мен тума-туысқандары қатынасты. Салтанатты жиында Күйгенкөл ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Ғарифолла Әбдірешев майдангердің өмір жолымен таныстырып, еңбек ардагерлері  сөз сөйлеп, естеліктерімен бөлісті. Аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Жұпар Хамзина бұл шараның тәрбиелік мәні зор екеніне тоқталып, ұйымдастырушыларға рахмет айтты. Ескерткіш тақтаны ашу құрметі Жасқайрат Қаженұлы мен  зейнеткер Талап Оразғалиевқа жолданды. М.Сансызбаев С.Боранбаевтың «Борыштымыз»   өлеңін мәнерлеп оқыса, А.Жұмағалиев  терме орындады. Шара соңында  Қ.Сұлтанғалиевтің ұрпақтары марқұмның аруағына құран бағыштап, ауыл тұрғындарының қатынасуымен «Айдар» тойханасында ас берді.

  А.ЕСІРКЕПОВ


«Туған жер, сені қосам әуеніме»

Күні: , 232 рет оқылды

800+ Өткен сенбінің кешінде Жәнібек аудандық мәдениет және демалыс саябағына келген жергілікті тұрғындар мен ауыл қонақтары «Туған жер, сені қосам әуеніме» атты Тау ауылдық округі көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады. Кеш Әлібек Сүйінішевтің орындауында «Ауылым» әнімен ашылып, оны әрі қарай А.Әнуарова «Тәуелсіз елім» әнімен іліп әкетті. «Асыл» би тобы «Концерт» композициясына қойылған қазақ биін мың бұрала биледі. Інжу, Самал Мұхтаровалар «Қазақ елі», М.Ажығалиев «Достарым», Б.Қадірболатова мен А.Әнуарова «Болайық бірге», І.Мұхтарова «Туған жер», А.Қадірболатова мен А.Есенов «Сәт сапар», өнерлі отбасы – Ажығалиевтар «Алматы мен Шымқала» әндерін орындап, көрермендердің қошеметіне бөленді. А.Қаналиева М.Балмолданың «Ауыл жаққа барыңдар» монологін мәнерлеп оқып берді. Сондай-ақ таулық өнерлі жігіттерден құрылған «Жалын» вокалды-аспаптық ансамблінің орындауында «Саржайлау», «Үкілі қыз» әндері шырқалып, кеш шымылдығы «Атамекен» әнімен жабылды. Айта кетер жайт, кеш барысында таулық өнерпаздар әннің аттары мен орындаушыларын экран ақылы көрсетіп, әр әнді футаждармен көркемдеп отырды. Несі бар, қолдауға лайық жаңалық екен.

А.ЕСІРКЕПОВ


Жәрмеңкеде бәрі бар

Күні: , 252 рет оқылды

800 Өткен сенбіде Жәнібек ауылының орталық базарындағы жәрмеңкеге Қамысты, Тау және Жәнібек ауылдарынан сиыр, қой етінің келісі тиісінше 1300, 1100 теңгеден, қол майы 2000, құрт пен ірімшік 400 теңгеден сатылды. Бау-бақша дақылдары да мол болды. Сол күні мектеп жәрмеңкесі де өз жалғасын тапты.

А.ЕСІРКЕПОВ


Үшжақты меморандумға қол қойылды

Күні: , 258 рет оқылды

800 Жәнібек аудандық сотының ғимаратында аудандық прокуратура, аудандық сот және аудандық ішкі істер бөлімі арасында үшжақты меморандумға қол қою рәсімі өтті. Меморандумның мақсаты – азаматтардың мүддесі бойынша қылмыстық іс жүргізу мәселесін оңтайландыру, жеделділік сапасын арттыру, қылмыстық іс жүргізудің ашықтығын жетілдіру және құжат айналымын қысқарту. Рәсім барысында меморандум аясындағы ынтымақтастықты жүзеге асыруда сот, прокуратура және ішкі істер бөлімімен атқарылатын жұмыстар анықталды. Оның негізгі мәселелері қылмыстық істі жедел тергеп-тексеру, зерделеп-жолдау және тағайындап-қарау болып табылады. Қатысушы тараптар жұмыс істеу кезінде өзара байланыста болатындықтарын, ынтымақтастыққа дайын екендіктерін айтып, меморандумды жүзеге асыру барысында бір-біріне сәттілік тіледі.

А.ЕСІРКЕПОВ


Жәнібекте экспедиция тобы болды

Күні: , 478 рет оқылды

IMG_4368 - копия (2)Жәнібек ауданына Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде  «Қазақстанның киелі географиясы» жобасына енгізілетін ауданымыздың аумағындағы қасиетті, киелі жерлерді көріп, зерттеу мақсатында Астанадан «Қасиетті Қазақстан» орталығының республикалық экспедиция тобының мүшелері Анар Екимбаева, Арайлым Рахмберді және облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мерболат Ерсаев бастаған бір топ музей қызметкерлері келді. Аталған экспедиция тобын Жақсыбай ауылында аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев, Жақсыбай, Борсы ауылдық округінің әкімдері Алмат Қаратаев, Айгүл Бекқалиева қарсы алды. Біздің ауданға жұмыс сапары барысында экпедиция тобы ауыл ақсақалдарымен, шежірежілерімен және жергілікті тарихшылармен кездесіп, Борсы, Ұзынкөл ауылдарындағы  Ғ.Қараш, Әтеш ата  зираттарына тәу етті.

                                                                               Н.Өтей


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
shugulazhanibek@mail.ru

"Шұғыла"

8-711-35-21-770

.