АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 03.05.2018


Студенттермен кездесті

Күні: , 150 рет оқылды

Бүгін М.Ықсанов атындағы  Жәнібек колледжінде  «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы  төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуаналиев, ауданық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Сағынбек Стамов І курс студенттерімен кездесті. Жиында Сағынбек Досетұлы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.Бір жыл бойы аудан төңірегінде атқарылған, болашақта қолға алынатын игі бастамаларға тоқталды. Біржан Қайырғалиұлы да «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» хақында жастарға баяндап, сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар студенттерге латын әліпбиімен аты-жөндерін жазғызып, жаңа графика хақында ойларын тыңдады. Ә.Қуанғалиева

Оқушыларды қабылдады

Күні: , 376 рет оқылды

Заманауи  әлемде  елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда  болатын уақытқа келдік. Ал жас ұрпақты біліммен қаруландырып, өнерге құштар етіп тәрбиелеу ‒ ұстаздардың парызы. Ауданда республикалық додаларда облыс намысын қорғап, биік белестерді бағындырып, жүлделі орындардан көріне білген оқушыларымызда жоқ емес. Бүгін жүлдегер оқушылар мен олардың жетекшілерін  аудан әкімі Азамат Сафималиев қабылдады. Кездесуде аудан басшысы оқушыларға деген ризашылығын білдіріп, егемен елдің ертеңін нұрлы етер азамат пен азаматша болатындарына сенетінін жеткізді. Жиында республикалық «Жарқын болашақ» 7-11 сынып арасында өткен  қазақ тілі олимпиадасында  «Сөз шеберлері»   бағыты бойынша  мәнерлеп оқудан ІІІ орын алған  Т.Жароков атындағы ЖББОМ-ның  6-сынып оқушысы, оқу озаты, әдебиетке жаны құштар Дияра Нұрышева нақышына келтіріп өлең оқыса, Алматы қаласында өткен республикалық  ғылыми жобалар сайысынан  ІІІ орын алған  Ғ.Қараш атындағы ЖББОМ-ның  8-сынып оқушысы Аслан Құзайыр қорғаған жобасы хақында баяндап, ақынның өлеңін оқып, алдағы жоспарларымен бөлісті.  Ал облыстық WRO 2018 робототехника олимпиадасынан   І орын иемденіп, республикалық кезеңге аттанғалы отырған  Т.Жароков атындағы ЖББОМ-ның  5-сынып оқушысы  Мансұр Өтепберген мен №1 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы Демеухан Ержанұлы бірігіп жасаған  күрделі жобаны  таныстырды. Астана қаласында өткен аймақтық «Перне тамшылары 2018» жас бард әншілерінің фестивалінен 13-15 жас категориясында  «Қазақ өлеңдері» аталымы бойынша ІІ орын, «Орындаушы» аталымы бойынша  ІІІ орын, «Автор» аталымы бойынша  ІІ орын иемденген Айшат Хамзина Астананың 20 жылдық мерейтойына арнаған төл туындысын орындап берді. Сондай-ақ 12 жасқа дейінгі категорияда ІІ орын алған  «Элита» ансамблі мүшелері Эльза Шагирова, Аделина Сариева, 13-15 жас категориясында өнер көрсетіп,  ІІ орын алған  «Альтаир»  ансамблінің мүшелері Анель Тастанова, Дильназ Ахметова, Диляра  Сатанова, осы жас ерекшелік бойынша «Орындаушы» аталымы бойынша ІІ орын алған  Анель Тастанова жиынның құрметті қонағы болды. Сондай-ақ  аудан басшысы дарынды шәкірттердің жетекшілеріне, атап айтсақ, Т.Жароков атындағы ЖББОМ-ның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әдемі Ахметоваға, Ғ.Қараш атындағы ЖББОМ-ның  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Қымбат Осатоваға, аудандық МТЖО-ның қосымша  білім беру педагогі Мақсат Өтепбергеновке, аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы директорының  оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Бард әндер» үйірмесінің жетекшісі Меңдігүл Қуаналиеваға толағай табыстар тілеп, алғыс хаттармен  марапаттады. Оқушыларға естелік сыйлықтар табыстады. Ә.Қуанғалиева

Латын графикасы-замана көшіне ілесу

Күні: , 114 рет оқылды

  Жәнібек ауданының Тау ауылында Елбасының Жарлығын қолдап, жаңа әліпбиді қабылдау бағытында «Рухани жаңғыру-латын графикасы, мақсат, міндет» атты ақпараттық, насихаттық кездесу өткізіліп, оған мекеме басшылары, аудан мектептерінің мұғалімдері қатысты. Аталған шараны аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов ашып, бүгінгі таңда ғылым мен білімі, қазіргі заманғы технологиясы қарқынды дамып отырған елімізде қазақ зиялылары латын әліпбиіне көшуді толығымен қолдайтынын, мұның өзі ұрпақтар сабақтастығының, рухани мәдениеттің жаңғыруы екендігін баян етті. Жиында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бекежан Шарафутдинов, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Құспан Аронов, БҚО Тілдерді дамыту басқармасының бұқаралық ақпарат құралдарымен және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің бас маманы Света Ғаниева, Ақоба ауылындағы Х.Халиуллин атындағы мектептің мұғалімі Гүлнар Әбуова сөз сөйлеп, латын графикасына көшу барысында ауданда, облыста атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айта келіп, бұл әліпбиге көшудің мәні мен мазмұнына тоқталды. Олар өз сөзінде латын графикасына көшу түп-тамыры бір түркі тілдес халықтармен ынтымақтастықты жақындататынын, қазақ тілін жаңартуға бет түзейтінін, еліміздің рухани жаңғыруына сүбелі үлес қосатынын, көптеген талдау, талқылаудан соң әліпбиді өзгертуге көпшіліктің саналы түрде барғанын, сондықтан бұған дұрыс түсініп, мүмкіндікті дер кезінде пайдалану қажеттігін, латын графикасына сатылап көшіп, бұл үдерістің 2025 жылы аяқталып, сол жылы жаңа әліпби өмірімізге толықтай енетінін баяндады. Басқосу барысында Тау ауылдық мәдениет үйінің директоры Әлібек Сүйінішев латын графикасына көшу үдерісін қолдайтынын білдіріп, өзінің замандастарын уақыт көшінен қалып қоймауға шақырды. Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Біржан Нұрланұлы қорытындылап, латын графикасына оралу еліміздің рухани тұрғыдан жаңғыруына, мәдени дамуына септігі тиетін, әлемдік құндылықтарды игеруге мүмкіндік беретін тарихи бетбұрыс болатынын, аудан көлемінде бұл бастаманы қолдауда және оны іске асырауда алдағы уақытта жұмыстар жүргізіле беретінін мәлімдеді.

                                                                                        Н.Өтей


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
shugulazhanibek@mail.ru

"Шұғыла"

8-711-35-21-770

.