АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 18.05.2018


Өткеннің қазынасы – болашаққа

Күні: , 113 рет оқылды

Бүгін БҚО тарихи-өлкетану музейінің Жәнібек аудандық бөлімінде 18 мамыр Халықаралық музей күніне орай «Өткеннің қазынасы – болашаққа» атты шара оздырылды. Шарада сөз алған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бекежан Шарафутдинов жиналған қауымды аудан әкімі Азамат Сафималиевтің атынан мерекемен қызу құттықтады. Аталған бөлім меңгерушісі Меңдігүл Фазылова сөз сөйлеп, музей саласын дамытуға зор үлес қосқан Улия Мағзомқызына, Қарлыға Күзембайқызына және Төлебек Шұғайұлына мерекеге орай облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мирболат Ерсаевтың алғысхатын салтанатты түрде табыс етті. Шарада сондай-ақ зейнеткер-ұстаз Қабаш Жүнісов те жиналғандарды мерекемен құттықтады. Бұдан кейін көпшілік музейдегі «Соғыс оты шарпыған Жәнібек панорамасы», «Ұлы Отан соғысы», «Қоғамдық-саяси тұлғалар» және «Аудан тарихы, ауыл шаруашылығы, еңбек ерлері мен тұрмыста қолданылған көне бұйымдар» залдарына экскурсия жасап, оларға экспонаттар мен тарихи жәдігерлер туралы жан-жақты түсінік берілді. Сонымен қатар Әлішер Кенжеғалиев «Бресттегі жәнібектік жауынгер» балладасын, аудандық театрдың режиссері Амангелді Насипов «Ғұмар Қараш» бейнесінде ақын монологін, Ақнұр Азаматова «Қыз Жібек» лиро-эпостық жырынан үзінді оқыды. Әрі қарай жұртшылық «Жәдігер жерде қалмасын» акциясына қатысып, қолда бар көне қару-жарақ түрлерін, соғысқа қатысқан майдангер жерлестеріміздің түрлі ордендермен марапатталғаны туралы құжат көшірмелерін, фотосуреттерін, танымал адамдар бейнеленген фотоальбомдарын, дәрігерлік құралдарын, көнерген шылапшын мен құман, тышқан аулайтын қақпан, патефон, сағат, тағы басқа да жәдігерлерді музей қорына өз еріктерімен естелік ретінде тапсырды.

А.ЕСІРКЕПОВ


Отбасындағы тәрбие мәселесі айтылды

Күні: , 82 рет оқылды

«Нұр Отан» партиясы Жәнібек аудандық филиалында азаматтарға отбасы және бала тәрбиесі туралы психологиялық педагогикалық заң тұрғысында кеңес беру мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізіліп, оған аудандық психологиялық-педагогикалық кабинет қызметкерлері, ата-аналар, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйден көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі, аудандық аурухананың психологі қатысып, ақыл-кеңес берді. Жиында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуаналиев, аудандық психологиялық-педагогикалық кабинеттің меңгерушісі Светлана Насенова, аталған кабинеттің психологі Агиза Ералиева отбасындағы тәлім-тәрбие мәселелеріне байланысты сөз сөйледі.

                                                                               Н.Өтей


Келелі кеңес

Күні: , 110 рет оқылды

Бүгін аудан әкімі Азамат Сафималиевтің төрағалығымен кеңес өткізілді.Кеңеске облыстық штабтың төрайымы, облыс әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаева, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қалияр Айтмұхамбетов, БҚО экономика және бюджеттік  жоспарлау басқармасының  бюджет саясаты  және  жоспарлау  бөлімінің басшысы Гүлнара Сисекенова, БҚО қаржы басқармасының коммуналдық мүлікті басқару бөлімінің басшысы Нұркен Хамбетов, БҚО мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы, заңгер Ильдар Гайнутдинов, сондай-ақ ауданның мекеме, ұйым басшылары, ауылдық округ әкімдері, қаржыгерлер, бухгалтерлер қатысты. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстан Республикасы  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігі ел экономикасына  бейресми  жұмыспен қамтылған халықты қалыптастыру және тарту мақсатында 2018-2020 жылдарға арналған «Жол картасын» әзірлеген болатын. Жиын жол картасы  шеңберінде халықтың барлық санаты бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылғандарды заңдастыруға және оларды жұмыспен қамту  бағдарламасына  тартуға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары  және облыстық, аудандық деңгейде құрылған штаб жұмыстары төңірегінде болды. Күн тәртібіне ұсынылған бірінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары, аудандық штабтың төрағасы сөз алып, бейресмей жұмыспен қамтылған халықты рәсімдеу бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жол картасының орындалу барысы туралы есеп берді. Баяндамадан соң Бибігүл Тишанқызы бірқатар айтылған мәселелерге қатысты бөлім басшыларына нақтылау мақсатында сұрақтар қойып отырды. Ал «Қазақстан Республикасы Заңы шеңберінде  жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншікті  басқару туралы» екінші мәселе төңірегінде БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының өңірлік даму және монитринг бөлімінің басшысы Райса Еркеғалиева сөз алды.Райса Жұмахметқызы аудан бойынша бюджетке қатысты проблема туындап отырмағанын айта келе, бүгінде көп ауданда интернет жылдамдығының баяу екендігін тілге тиек етті. Баяндамашы  штаттық мәселе төңірегінде біраз ой тарқатты.Жиын барысында БҚО қаржы басқармасының коммуналдық мүлікті басқару бөлімінің басшысы Нұркен Болатұлы  мен БҚО мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маман-заңгері Ильдар Рафикұлы қаржы саласына қатысты мамандардың сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берді. Жиын барысында ауылдық округ әкімдері тарапынан халық санағы, мал санақтары бойынша ұсыныс-пікірлер болды. -Кездесу барысында  көптеген мәселелер талқыланып, шешілу жолдары қарастырылды. Қозғалған мәселелер менің бақылауыма алынады.Бүгінге кеңеске қатысып,көптеген мәліметтер, жоспарланған жұмыстар туралы ақпараттар берген облыстан келген қонақтарымызға алғыс айтамын,-деді аудан басшысы қорытынды сөзінде. Әсемгүл Қуанғалиева

Отбасындағы тәрбие мәселесі айтылды

Күні: , 50 рет оқылды

«Нұр Отан» партиясы Жәнібек аудандық филиалында азаматтарға отбасы және бала тәрбиесі туралы психологиялық педагогикалық заң тұрғысында кеңес беру мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізіліп, оған аудандық психологиялық-педагогикалық кабинет қызметкерлері, ата-аналар, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйден көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі, аудандық аурухананың психологі қатысып, ақыл-кеңес берді. Жиында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуаналиев, аудандық психологиялық-педагогикалық кабинеттің меңгерушісі Светлана Насенова, аталған кабинеттің психологі Агиза Ералиева отбасындағы тәлім-тәрбие мәселелеріне байланысты сөз сөйледі.

                                                                               Н.Өтей


«Гүлдер әлемі» фестивалі

Күні: , 124 рет оқылды

Бүгін «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінде Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған аудандық «Гүлдер әлемі» фестивалі өтті. Байқауға Ө.Сахипов, Е.Ниетқалиев, Х.Халиуллин атындағы және Ұзынкөл білім ордалары мен  А.Оразбаева атындағы негізгі мектебі және мектептен тыс жұмыс орталығы қатысты. Шараның мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді экологиялық білімінің белсенді түріне тарту, өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелей  отырып, гүл – табиғаттың ең нәзік жаратылысы тазалық пен әсемдікке баулу болып табылады. Сайыста оқушылар төрт аталым бойынша сынға түсті. Мектептен тыс жұмыс орталығының директоры Нұртілек Мизамбаев мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. «Менің арманымдағы Қазақстан» (еркін стильде түрлі гүлдерден жасалған композиция) аталымы бойынша Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ-ның оқушысы Ботагөз Досқалиева, «Астанаға тарту» (жасанды гүлдер көрмесі) аталымы  бойынша Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ-ның оқушысы Нәзерке Ырысбаева,  дефиле  «Болашақ гүлдер» (қалдық материалдардан дайындалған шығармашылық костюм) аталымы бойынша А.Оразбаева атындағы ЖББНМ-нің оқушысы Ақұштап Қуанышқалиева және сурет байқауы 5-7 сынып оқушылары арасында «Ауылымызды жасыл түске бояймыз»  аталымы бойынша Ұзынкөл ЖББОМ-ның оқушысы Елназ Елешова мен 8-10 сынып оқушылары арасында «Гүлденген Астанам!»  аталымы бойынша МТЖО тәрбиеленушісі Дана Шукуровалар иемденді. Түрлі аталымдарға ие болған оқушылар облыстық фестивальге жолдама алды. Гүлдей құлпырып жүре берейік, ағайын!

Г.ТӨРЕҒАЛИЕВА

 

Әкімге үміткерлер ұсынылды

Күні: , 260 рет оқылды

Аудан әкімі Азамат Сафималиев Ұзынкөл ауылындағы жергілікті қауымдастықтың жиынында Қазақстан Республикасындағы заң талаптарына сәйкес ауылдық окру әкімдерінің 4 жылға сайланатын мерзімі аяқталуына байланысты Ұзынкөл ауылдық округі әкіміне кандидат  ретінде ұсынылған тұлғалар бойынша консультация өткізді. Қолданыстағы заң талаптарына сай аудан әкімі аталған ауылдық округі әкімі лауазымына Күйгенкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Саят Тарғыновтың, 2014 жылдың маусым  айынан бастап Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келе жатқан Алтай Бақтығалиевтың, аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Абылай Наурызалиевтің кандидатураларын ұсынды. Жиында Ұзынкөл ауылының тұрғындары, зейнеткерлер Қымбат Дауешова, Меңсұлу Рахматуллина сөз сөйлеп, кандидаттыққа ұсынылғандар ауыл әкімі лауазымына сайланған жағдайда ортақ істе қоян-қолтық жұмыс істеуге даяр екендіктерін жеткізді. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес консультациядан соң  үміткерлердің сайлауға түсуге келісімі негізінде жоғарыда аталған үш тұлға Ұзынкөл ауылдық округі әкімі лауазымына кандидат етіп ұсынылды.

                                                                                        Н.Есенғали


Борсы ауылдық округі әкіміне кандидаттар ұсынылды

Күні: , 338 рет оқылды

Аудан әкімі Азамат Сафималиев Борсы ауылдық округі әкімінің өкілеттік мерзімі бітуіне байланысты аталған ауылға барып, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Борсы ауылдық округі әкімі лауазымына аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің бас маманы Таңшолпан Ғазезованың, 2014 жылдың маусым айынан Борсы ауылдық округі әкімі қызметін атқарып жүрген Айгүл Бекқалиеваның, аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы Қуаныш Мақашовтың  кандидатураларын ұсынды. Жиында ауыл тұрғыны, зейнеткер Ғайнолла Есенғалиев ауылдық округ әкіміне ұсынылған үміткерлер әкім болып сайланса, бірлесіп, ұйымдасып жұмыс атқаруға дайын екенін айтты. Өткізілген консультациядан кейін кандидаттардың сайлауға түсуге келісімі негізінде аты аталған үш тұлға Борсы ауылдық округі әкімі лауазымына кандидат етіп ұсынылды. Н.Өтей

Санитарлық айлық хақында

Күні: , 90 рет оқылды

Аудан әкімі Азамат Сафималиевтің төрағалығымен  үстіміздегі жылғы 9 сәуірде өткен  кеңестің хаттамасымен сәуірдің 16-сы мен мамырдың 16-сы аудан бойынша  санитарлық-экологиялық  айлық болып жарияланып, іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Осы айлық негізінде Жәнібек ауылдық округі әкімінің орынбасары Бекжан Неғметов бастаған құрам  бірнеше көшелердің артындағы қора-қопсылардың маңындағы санитарлық тазалықты тексерген болатын. Тексеріс нәтижесін байқау үшін Бекжан Неғметов, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Табылды Сүйінішев, аудандық ішкі істер бөлімінің  учаскелік  полиция инспекторы Оян Бапахов қайта тексеріс жүргізді. Бірқатар көшенің тұрғындары қоқыстарды тазартқан. Алайда, Қ.Мусин, А.Байтұрсынов, Ш.Шарафетдинов, И.Тайманов көшелеріндегі үйлердің тұрғындары ескертуден кейін қорытынды шығармаған. Әйтсе де олар КАМАЗ көлігіне жазылып, қоқысты тиеп әкететін уақытын күтіп отырғандықтарын жеткізді. Түсінік жұмыстарын жүргізушілер айлықтың аяқтала келгенін түсіндіріп, уақытында шығарылмаған жағдайда 72 мың теңге мөлшерінде айыппұл төлейтіндерін ескертті.

Ә.Қуанғалиева


«Ән арман» ән кеші

Күні: , 108 рет оқылды

Кеше Жәнібек аудандық мәдениет үйінде Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Еркін Өтегеновтің «Ән арман» атты ән кеші өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында аудан-ауылдарға шығып, халқымыздың ұлттық ән өнерін насихаттап жүрген беті екен. Жәнібекке көршілес Бөкей Ордасы ауданынан ат басын бұрыпты. Еркін ән кешін М.Әлімбаев пен Ш.Қалдаяқовтың «Сүйген болсаң, сағынарсың» әнімен ашып, Е.Хасанғалиевтің «Бозторғайым», «Дос-Мұқасан» ансамблінің репертуарынан «Ләйлім шырақ», Т.Шәмеловтің «Ауылымды сағындым» әндерімен көрермендердің қошеметіне бөленді. Кеш барысында Еркіннің шашбауын көтере келген жас айтыс ақыны Айнабек Бисенғалиев өзінің арнауын жолдың жайын айтпай-ақ қояйын деп бастап, Жәнібекке сегіз жылдан кейін келіп тұрғанын, ораза тұтқан жамағатқа оразаларының қабыл болуын тілеп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауданымыздың жаңарып, өсіп-өркендеп жатқанын тілге тиек етіп, ән кешіне келмегендерге сәлем айтыңыздар деген назын да жеткізді. Одан кейін Е.Өтегенов өзінің репертуарынан бірнеше жаңа әнді шебер орындап, көрермендердің жүрегіне жол тапты. Кеште сондай-ақ  Еркіннің әріптесі, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, жыршы-термеші Фархат Оразов Әбубәкір Кердерінің «Насихат сөзін» нақышына келтіре шырқады. Сахнаға қайта шыққан Еркін енді еркін көсіліп, әнші-сазгер Е.Әбдіхалықованың «Асқақ арман», Б.Баймұқанқызының сөзіне жазылған «Кетсең де шалғай», «Жанарың сенің», Т.Досымовтың «Сәйгүлік», Ж.Молдағалиев пен І.Жақановтың «Еділ мен Жайық», Е.Нұрымбетовтің «Жаса, Қазақстан» әндерін әуелете салып, кәсіби деңгейінің жоғары екендігін көрсетті.  Кеш «Ән арман» әнімен әдемі түйінделді. Сахнаға көтерілген «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев Жәнібекке келіп, әнсүйер қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлағаны үшін Еркін Өтегеновке шығармашылық табыс тілеп, аудан әкімінің атынан алғысхат пен естелік сыйлық табыс етті.

А.ЕСІРКЕПОВ

PS: өңірімізге танымал күміс көмей әншінің ән кешіне жиналған халық тауыққа шашылған тарыдай, әр жерде шашырап отырды. Бас-аяғы 50-60 адамның денін әйелдер құраса, ер адамдар саусақпен санап аларлықтай болды. Айнабек ақынның «сәлем айтыңыздар» деп отырғаны да осы емес пе? «Жетім қыздың тойындай боп өткен» кештің құлақтандыруы кемшін болды ма, әлде құлаққа ілмедік пе, әйтеуір ол жағы бір Аллаға ғана аян…

Үміткерлер ұсынылды

Күні: , 324 рет оқылды

Аудан әкімі Азамат Сафималиев Жақсыбай ауылдық округі әкімінің өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты аталған ауылда болып, жергілікті қауымдастықпен консультация өткізді. Аудан әкімі қолданыстағы заң талаптарына сәйкес Жақсыбай ауылдық округі әкімінің лауазымына аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы Мерлан Еркеғұловтың, 2014 жылдың маусымынан Жақсыбай ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келе жатқан Алмат Қаратаевтың, Ұзынкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Батырхан Өтеғалиевтің кандидатураларын ұсынды. Жиында ауыл тұрғындары кандидаттыққа ұсынылғандар ауыл әкімі болып сайланған жағдайда бірлесіп жұмыс істейтіндіктерін білдірді. Жергілікті қауымдастықпен оздырылған консультация соңында кандидаттардың сайлауға түсуге келісімі негізінде аталған тұлғалар Жақсыбай ауылдық округі әкімі лауазымына кандидат етіп ұсынылды.

                                                                                     Н.Өтей


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
shugulazhanibek@mail.ru

"Шұғыла"

8-711-35-21-770

.