АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 24.05.2018


Мониторингтік топтың отырысы

Күні: , 80 рет оқылды

Бүгін Жәнібек ауданының әкімдігінде Жәнібек ауданы бойынша Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы мониторингтік топтың отырысы оздырылып, оны аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, топ жетекшісі Бекет Әліпқалиев жүргізіп отырды. Отырысқа аудандық мәслихаттың хатшысы Тахир Қадимов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, аудандық қоғамдық кеңестің және арнайы мониторингтік топтың мүшелері қатысты. Отырыста арнайы мониторингтік топтың жетекшісі Бекет Әліпқалиұлы Жәнібек ауданы бойынша Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы мониторингтік топтың жалпы қызметі туралы айта келіп, стратегиялық бағдарламаның он жылға арналғанын, бұрын сыбайлас жемқорлық мемлекеттік қызметшілер арасында орын алып келсе, енді ол білім беру, денсаулық сақтау салаларында жоғары болып отырғанын жеткізді. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылу бағытында ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде нақты мысалдар келтіріп баяндады. А.ЕСІРКЕПОВ

Күн тәртібінде – үш мәселе

Күні: , 114 рет оқылды

Бүгін Жәнібек ауданының әкімдігінде аудандық қоғамдық кеңестің отырысы өтіп, оған аудан әкімі Азамат Сафималиев, аудандық мәслихаттың хатшысы Тахир Қадимов, аппарат басшысы, ауылдық округтердің әкімдері мен бөлім басшылары, қоғамдық ұйымдардың төрағалары, қоғамдық кеңестің мүшелері, Жәнібек ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының өкілдері қатысты. Отырыстың күн тәртібінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сариев «Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы», Жәнібек ауылдық округінің әкімі Мұстахим Қабдысалиев «Жәнібек ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» және «Жәнібек ауылдық округі бойынша 2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» хабарлама жасады. Күн тәртібінде қаралған үш мәселе бойынша аудандық қоғамдық кеңес хабарламаларды қаперге алып, мемлекеттік тіркеуге жолдауға ұсыныс берілсін деген шешім қабылдады.

А.ЕСІРКЕПОВ


Ауылдық округ әкімдері басқосты

Күні: , 304 рет оқылды

Бүгін Жәнібек ауданының әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Азамат Сафималиевтің төрағалығымен жиналыс оздырылды. Күн тәртібінде  екі мәселе қаралды. Бірінші мәселеге қойылған аула аралау барысында мәртебелері   анықталған бейресми жұмыспен қамтылған азаматтарды  нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту, олардың қызметін рәсімдеу және өзектендіру жөнінде  аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов сөз алды. Біржан Нұрланұлы аталмыш мәселе төңірегінде атқарлып жатқан жұмыстарға  тоқталды. Аула  аралау барысын тоқтатпау керектігін жеткізген ол, әкімдерге әр ауылдық округ бойынша жиындар өткізіп, азаматтардың мәртебелерін анықтауды жалғастыруды сұрады.Олардың мәртебелері анықталған кезде аудан орталығынан құрылған арнайы топ рейдке шығатын болады. Аудан басшысы Азамат Сафималиұлы да әр округ әкімдерінің көтеріліп отырған мәселе бойынша қалай жұмыстанып жатқандары жөнінде сұрады.Ал екінші мәселеде  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Атамекен» кіші бағдарламасының «Әлеуметтік бастамалар картасы» базалық бағыты бойынша  ауылдық округтерде жүзеге асырылатын 15 жобаның орындалуы, ауылдарда  Жерлестер форумының ұйымдастырылуы туралы ауыл әкімдері есеп берді. Аудан әкімі ауыл әкімдерін Елбасының бекіткен тапсырмасына сәйкес белсенді жұмыстануға шақырды.  

Ә.Сірәлі


Елбасы тапсырмасы орындалып, жол салынады

Күні: , 436 рет оқылды

  Жәнібек ауданына ҚР инвестициялар және даму министрлігінің автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сайранбек Бармақов және  республика мен  облыстағы  жол саласының бір топ лауазымды адамдары келді. Оларды аудан әкімі Азамат Сафималиев пен аудан ақсақалдары Ұзынкөл ауылындағы жол үстінде күтіп алды. Аудан басшысы меймандарға аудан мен облыс орталығына  дейін қатынайтын жол мәселесін  баяндап берді. Аталған министрліктің автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сайранбек Солтанбекұлы Елбасының Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде Жәнібек, Бөкей Ордасы аудандарына қатқыл табанды жол салу жөніндегі тапсырмасын орындауға келгендерін, мемлекет басшысының тарапынан жүктелген міндеттің қалай болғанда да жүзеге асатынын мәлім етті. Жол саласы басшыларымен кездесу кезінде аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Әліпқалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев Жәнібек пен Орал қаласы аралығындағы жолдың түйткілдерін айта келіп, Елбасының тапсырмасынан кейін қатып тұрған сеңнің қозғалғанына аудан жұртшылығының шексіз қуанышта екенін, Оралмен екі ортаға қатқыл табанды жол салынған жағдайда көптеген түйінді мәселелердің шешілетінін, Волгоград облысы арқылы көршілес Ресейдің басқа да өңірлеріне дейін жол ашылып, барыс-келістің жақсаратынын баяндады. Бұдан әрі Астанадан, Оралдан келген меймандар жеңіл автокөліктерімен Ұзынкөл ауылынан аудан орталығына баратын қатқыл табанды жолмен зырлап жүре отырып, көршілес Ресейге өтетін Жәнібектегі шекаралық өткізу пункітіне  табан тіреді. Бұл жерге келгесін аудан әкімі меймандарға осы аралықтан Ұзынкөл ауылына шығатын асфальт жолға дейін 7 шақырым қашықтыққа қатқыл табанды жол төсеу туралы  нақтылы тілегін жеткізді. Сол жерде келген меймандар шекарашылардан бір тәулікте өткізу пунктінен қанша көлік өтетінін сұрап білді. Шекарашылардың айтуынша, пункттен күніне 30-50 түрлі жүк тасымалдаушы және 200-250 жеңіл автокөліктер өтетінін мәлімдеді. Жол саласының басшылары, сондай-ақ өткізу пунктінің жанынан 8 жолақты көлік ағынын реттеуіш құрылғылар орнату жайындағы жоспарларын ортаға салды. Меймандар бұдан соң аудан орталығындағы темір жолдың тұйығында болып, болашақта қатқыл табанды жолға тасымалданатын материалдарды темір жол тұйығы арқылы жеткізу мүмкіндігі жөніндегі пікір-ұсыныстарын айтты. -Үстіміздегі жылы Жәнібекпен екі ортаға қатқыл табанды жол төсеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары әзірленеді. Келесі жылдан бастап бұл жұмыстар қолға алынады. Осы тектес жұмыс бағытында ертең Бөкей Ордасы ауданына барамыз. Алдағы аптаның дүйсенбісінде ҚР инвестициялар және даму министріне осы жұмыс сапарында көрген, білгендерімізді баяндаймыз,-деді Сайранбек Бармақов бізбен әңгімесінде.

                                                                                       Н.Жапақов


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
shugulazhanibek@mail.ru

"Шұғыла"

8-711-35-21-770

.