АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 15.06.2018


Алқаларын табыстады

Күні: , 122 рет оқылды

Бүгін аудан әкімі Азамат Сафималиев ұзынкөлдік көп балалы аналар Насиха Рахимова мен Зухра Шниязованы қабылдады. Аналармен отбасы құндылығы, бала тәрбиесі хақында әңгіме өрбіткен аудан басшысы оларға Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 21 мамырдағы №690 Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жеті және одан да көп бала туған және тәрбиелеп өсіргені үшін Ұзынкөл ауылының тұрғындары Насиха Рахимоваға «Алтын алқа», алты бала туған және тәрбиелеп өсіргені үшін Зухра Шниязоваға «Күміс алқа» алқаларын табыс етті.

Ә.Сірәлі


Кәсіби мерекелерімен құттықтады

Күні: , 76 рет оқылды

Бүгін Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен  құттықтады. Әрбір адам баласы үшін байлық та, бақыт та – денсаулық екенін баса айтқан аудан басшысы медицина қызметкерлерінің  кез келген қоғамда алатын орны ерекше екеніне тоқталды. Сондай-ақ ол, БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаевтың атынан алғысхатты дәрігер педиатр Динара Өстемірова, жалпы тәжірибелі дәрігер Анара Утешова, медбике Гүлшат Тұрарова, медстатист Назгүл Қадырова, медбике Ару Жұмаеваларға табыс етті.Өз кезегінде әріптестерін құттықтаған Жәнібек аудандық орталық ауруханасының директоры  Сәуле Исмағұлова аудан басшысы атынан алғысхаттарды саламатты өмір салтын  қалыптастыру бөлімінің дәрігері Армангүл Аққойшина, медбике Гүлдана Шоханова,аудандық  қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының белді қызметкерлері Баянсұлу Атошева мен Іңкәр Хасаиноваларға табыстады. Ең қадірлі де, керекті кәсіп иелеріне  зор денсаулық, жемісті еңбек тілейміз!

Ә.Әбділдақызы


Үздіктерді марапаттау рәсімі

Күні: , 140 рет оқылды

Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша аудан әкімдігінің мәжіліс залында  биылғы  «Алтын белгі» және «Ерекше үлгідегі аттестат» иегерлері  мен олардың ата-аналарын аудан әкімі Азамат Сафималиев қабылдады. Аудан бойынша биыл 17 түлек «Алтын белгі», 6 түлек «Үздік үлгідегі  аттестат» иегерлері атанып отыр. Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімі мектеп мақтаныштарын қызу құттықтап, алда тапсыратын ҰБТ-дан жоғары балл жинап, қалаған мамандық иесі атануға тілектестігін білдірді. Бұдан кейін «Алтын белгі» иегерлері Алина Қыдырғалиева (Т.Жароков атындағы ЖББОМ), Айзада Мәлікова (Т.Жароков атындағы ЖББОМ), Райымбек Ғұбашев (№1 мектеп-лицей), Мөлдір Бахтиярова  (№1 мектеп-лицей), Дарья Чурзина (№1 мектеп-лицей), Талғат Артықов (Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ), Мәдина Мутигуллина (Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ), Айна Абулкаримова (Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ), Меңдіхан Халиханов (М.Ықсанов атындағы ЖББОМ балабақша кешені), Бисек Жангелді (М.Ықсанов атындағы ЖББОМ балабақша кешені), Балнұр Айдынғалиева (Ө.Сахипов  атындағы ЖББОМ), Айымжан Бекбауова (Ө.Сахипов атындағы ЖББОМ), Алина Әліпқалиева (Ғ.Сарыбаев атындағы ЖББОМ балабақша кешені), Аяулым Лұқпанова (Ғ.Сарыбаев атындағы ЖББОМ балабақша кешені), Нәзерке Нұрымова (Ғ.Сарыбаев атындағы ЖББОМ балабақша кешені), Гүлнаргизада Нұрмұханова (Ғ.Қараш атындағы ЖББОМ), Нұрсәт Қабылхановтарға (Ғ.Абдуллин атындағы ЖББОМ)  және «Үздік аттестат» иегерлері Мәдина Удирова (№1 мектеп-лицей), Жадыра Жамашева (№1 мектеп-лицей), Айнара Сабирова (№1 мектеп-лицей), Эльнара Құсенова (Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ), Гүлбарам Зұлқарнаева (Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ), Асылай Иманғалиеваларға (М.Ықсанов атындағы ЖББОМ балабақша кешені) төсбелгі тағып, сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ аудан басшысы Азамат Сафималиұлы атынан сегіз мектеп директорына алғысхат табысталды. Білікті де, білімді балаларды тәрбиелеген ата-аналар да ескерусіз қалмады. Үздіктердің ата-аналарына да аудан әкімі атынан алғысхат табыс етілді. Өз кезегінде ата-аналар атынан сөз алған Асылғаным Бахишева жастардың білімді болып қалыптасуына мүмкіндік жасап отырған Елбасына, осындай  қабылдауды ұйымдастырып отырған аудан басшылығына,  сапалы білім мен саналы тәрбие беруге сүбелі үлес қосқан білім ошақтарына алғысын жаудырды. Мектеп түлектері атынан сөз сөйлеген Айзада Мәлікова да шәкірт лебізін жеткізді. Үздіктердің саны жыл сайын арта берсін! Мектеп түлектеріне сәттілік серік болғай!

Ә.Қуанғалиева


Діни ахуал тұрақты

Күні: , 48 рет оқылды

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Жәнібек аудандық филиалында ақпараттық-түсіндіру топ мүшелеріне арналған оқыту семинары оздырылып, БҚО дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің тапсырмасы бойынша дайындалған «Қарапайым мұсылман мен теріс ағымдағы адасушының келбеті» атты бейнеролик көрсетілді. Семинар барысында өзекті тақырып аясында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Әліпқалиев,  аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Сағынбек Стамов, осы мекеменің теолог маманы Ринат Кенжеғалиевтер аудан бойынша қалыптасып отырған діни ахуал, ұлттық бірлікті, қоғамдық келісімді нығайту және діни экстремизмнің алдын алу бағытында өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті. — Ауданда діни ахуал тұрақты. Сонда да барлық салаларды толық қадағалап отыруымыз керек. Бастысы тығыз қарым-қатынаста жұмыстанайық. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай,- деді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова семинар соңында.                                                                                               А.ҚАРШЕКЕ

Дөңгелек үстелде бас қосты

Күні: , 46 рет оқылды

Бүгін Жәнібек аудандық сотында сот төрағасы Әсел Жамантаеваның төрағалық етуімен дөңгелек үстел оздырылып, оған құқыққорғау, бөлім, мекеме өкілдері, медиаторлар қатысты. Онда медиация туралы мәселе қаузалды. Ауданымызда медиация арқылы татуласумен аяқталған істердің саны біршама жақсарған. Дегенмен бұл бағытта атқарылатын жұмыстар әлі де болса баршылық. Осыған орай аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова, кәсіби емес медиатор Болат Закарин, тағы басқалар өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, ойларымен бөлісті. Алдағы уақытта медиацияның маңызы мен артықшылықтары туралы халыққа қажетті шаралар, дөңгелек үстелдер өткізуді қолға алу керектігі, басқада мәселелер айтылды.

А.ҚОЖАҒҰЛ


Балалар демалысы — басты назарда

Күні: , 56 рет оқылды

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі кезекті  комиссия отырысы оздырылып, жиынды аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Жақсылық Абдолов жүргізіп отырды. Күн тәртібінде «Кәмелетке толмағандар арасында қылмысты болдырмау және жазғы маусымда олардың бос уақытын ұйымдастыру кезінде аз қамтылған, қиын, көп балалы отбасы балаларының жазғы лагерьлерде қамтылуы туралы» тақырыбында № 1 мектеп-лицей директоры Сапар Мәмбетәлиев, А.Оразбаева атындағы негізгі орта білім беретін мектебінің директоры Маркс Нұфтығалиев және «Наркотикалық, психикаға белсенді әсер ететін заттарды және спирттік ішімдіктерін пайдаланатын кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ, ата-аналарын анықтау, есепке алу, емдеу және оңалту шаралары туралы» тақырыпта М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлдана Аткешова хабарламалар жасап, слайд арқылы білім ордаларында  өткен  шараларға нақты тоқталып өтті. Отырысты қорытындылаған Жақсылық Кәримоллаұлы комиссия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар қайтарып, отбасы құндылықтары, жеткіншек ұрпақ өкілдерінің лагерьлерде демалуын жақсы жолға қою керектігін баса айтты.                                                                                           Ахмедияр ҚУАНҰЛЫ

Қоныс той күні алыс емес

Күні: , 98 рет оқылды

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар арасынан үміткерлерді анықтау бойынша комиссияның отырысы оздырылып, оған аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов төрағалық етті. — Тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға түгендеу жүргізу жұмыстарынан кейін 2018 жылғы 12 маусымдағы жағдай бойынша барлығы 213 азамат тұрғын үй кезегінде тіркеуде бар. Жәнібек ауылында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында құрылысы аяқталуы жақын екі пәтерлі 40 жаңа тұрғын үйге жергілікті атқарушы органда үй кезегінде тұрған азаматтар арасынан үміткерлерді анықтау мақсатында барлығы- 80 азамат комиссия отырысына шақырылып отыр. Соның ішінде, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар санаты бойынша – 16 адам, мемлекеттік қызметкерлер және бюджеттік сала қызметкерлерінен – 21 адам, толық емес отбасылар санаты бойынша – 21 адам, 1 және 2 топ мүгедектері санаты бойынша – 7 адам, зейнектерлер – 4 адам, мүгедек балалары бар отбасылар – 1 адам, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендер – 3 адам және тұрғын үйлері апатты жағдайда деп танылғандардан – 3 адам, — деді алдымен сөз бастаған Жақсылық Кәримоллаұлы. Отырыс барысында комиссия мүшелері аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Әліпқалиев, аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жарқын Хайырлиев, Жәнібек ауылдық округі әкімі Мұстахим Қабдысалиевтер тұрғын үйге кезекте тұрған жерлестерге өздерінің ұсыныстарын айтып, мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшеріне коммуналдық қызметтер үшін төлемақы кірмейтінін, баспаналы болған жағдайда тұрғын үйлерін күтіп ұстау керектігін, сонымен қатар үй иелері өзге адамдарға пәтерлерін жалға беруге болмайтынын ескертті. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша баспаналы болатын азаматтарға қоныс тойын тойлар күннің алыс емес екенін, бір-екі ай шамасында үйлердің техникалық құжаттарын дайындау жұмыстары жүретінін айтып өтті отырысты қорытындылаған комиссия төрағасы Жақсылық Кәримоллаұлы.                                                                                                      

А.ҚАРШЕКЕ


Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу

Күні: , 68 рет оқылды

Кеше аудан әкімі Азамат Сафималиев үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті. Басқосуға ардагерлер, аудандағы кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен белсенді мүшелері қатысты. Жиынды ашқан Азамат Сафималиұлы қатысушыларға ауданымызда шешімін таппай жүрген мәселелер төңірегінде сұрақтары болса қойып, ұсыныс-пікірлерін айта отыруға шақырды. Кездесу барысында алғаш боп сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев  ардагерлер үйінің зейнеткерлер үшін маңызына, жалпы жұмысына тоқтала отырып, аталмыш мекемеге жөндеу жұмыстары қажеттігін, ардагерлерден  құрылған вокалдық топ пен ансамбльдерге кәсіби жетекші қажеттігін тілге тиек етті. Ол сондай-ақ, аудан бойынша өтетін шараларды алдын ала хабарландыруды жетілдіріп, концерттерге халықтың көптеп келуін қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушылар тарапы жұмыстану қажеттігін жеткізді. Өз кезегінде зейнеткер Меңсұлу Жұмақұлова аудандық аурухана дәрігерлерін жиі ауысатындығын, жас мамандардың тұрақсыздығын айтса, зейнеткер Болат Закарин Жәнібек ауылындағы көшелерге реттік нөмірлер орнату мәселесін, зейнеткер Ғайнөш Дегетаев зейнетақы алар кездегі кезектің қолайсыздығын, пошта аудиториясының тарлығын қаузады. Зейнеткер ұстаз Қабаш Жүнісов №1 мектеп-лицейіне өте жақсы оқитын оқушыларды ғана іріктеп, жанынан интернат ашып, ауылдардан да үздіктерді тарту ұсынысын ортаға тастады. Жиналыс барысында аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің төрағасы Аққу Нұрғалиева комитеттің белсенді мүшелерін, жыл бойы атқарған жұмыстарын, негізгі қызметтерін баян етті.Сонымен қатар педагогтарға комитеттен жыл сайын  медициналық тексерістен өту үшін қаржы бөлінетінін айта келе, балабақша тәрбиешілеріне де қаржы бөлуді қарастыру  жөнінде аудан басшысына ұсыныс тастады. Ардагерлер арасынан жанар жағармай бағасының қымбаттылығы, көшеде малдың бос жүруі хақында, кейбірі тіпті жеке мәселелерін де қозғады.Әрқайсысының көтерген мәселелерін мұқият тыңдаған аудан басшысы нақты жауаптар беріп отырды. Қойылған сұрақтарға  қатысты бөлім басшыларының  да жауаптары тыңдалды. Жиынды аудан әкімі қорытындылады.

Ә.Қуанғалиева


«Кітап – Мәңгілік елдің рухани мұрасы»

Күні: , 80 рет оқылды

Кеше Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен Жәнібек аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің «Аудан кітапханаларының күндері» мен «Ауыл кітапханаларының фестивалі» облыстық жобалары негізінде «Кітап – Мәңгілік елдің рухани мұрасы» атты шара өтті. Оған ауданымыздың, сондай-ақ Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Қазталов, Бөкей Ордасы аудандарының кітапхана директорлары мен кітапханашылары, еңбек ардагерлері қатысты. Шараның ашылуы Ғұмар Қараштың ескерткішіне гүл шоғын қоюдан басталып, бұл рәсімді аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов пен Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапхананың директоры Шолпан Оразаева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев пен Бөрлі аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры, ақын Дариға Нұрашева атқарды. №1 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Аяулым Хамитова ақынның «Көреміз бе?» атты өлеңін мәнерлеп оқыды. Қонақтарды аудандық мәдениет үйінің алдында «Ақмаржан» бишілер тобы реферанспен, кіреберіс фойеде аудандық «Жәнібек сазы» фольклорлық ансамблі күй орындап қарсы алды. Осы арада қонақтар ақын, философ Ғ.Қараш, ақын ана Х.Өтеғалиева, композитор Қ.Мусин, Кеңес Одағының Батыры М.Мәметова, мемлекет және қоғам қайраткері М.Ықсановтың бейнелері сомдалған қойылымды, сондай-ақ облыстық әмбебап-ғылыми кітапхананың «Өткенді сақтай отырып, келешекті қалыптастырамыз» библио-десант жылжымалы кітап көрмесінің таныстырылымын және «Жәнібегім – туған жерім қымбатсың» кітап көрмесін тамашалады. Әрі қарай көрермендер залында өткен пленарлық отырысты аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бекежан Шарафутдинов кіріспе сөзбен ашып, аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов құттықтау сөз сөйледі. Аталған бөлім басшысы Б.Биболатұлы «Рухани білім ошағы – кітапхана», Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапхананың директоры Шолпан Қуанышқалиқызы  «Батыс Қазақстан кітапханалары: рухани жаңғыру негізі», Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасының әдіскері Жанаргүл Жаңабергенова «Балалар оқуын қалыптастырудағы кітапханалардың рөлі» тақырыбында баяндамалар жасады. Кітапхана қызметкерлерінің үлкен тобына облыстық мәдениет, құжаттама және архивтер басқармасының, әмбебап-ғылыми кітапхананың, балалар-жасөспірімдер кітапханасының алғысхаттары салтанатты түрде табыс етілді.

А.ЕСІРКЕПОВ


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
shugulazhanibek@mail.ru

"Шұғыла"

8-711-35-21-770

.