АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 29.06.2018


«Төртінші билік» өкілдерін құттықтады

Күні: , 132 рет оқылды

                                      28-маусым – Байланыс және  ақпарат қызметкерлері күні аудан әкімі Азамат Сафималиев  аудандық  «Шұғыла»  қоғамдық-саяси газеті ұжымын төл мерекелерімен құттықтады. Мекемеге арнайы келген Азамат Сафималиұлы  аудан  газетінің қоғам дамуындағы үздіксіз үлесі, алар орны туралы  толғана тілек арнап, ұжымдағы  әрбір қызметкердің еселі еңбегіне, шығармашылық қуатына  баға берді. Сондай-ақ аудан басшысы басқосу барысында аудан үнпарағының тыныс-тіршілігімен танысты.  Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында алға қойылған мақсаттарды орындауда сүбелі үлес қосып жүрген директор-редактор Ахмедияр Батырханов, жауапты хатшы Асқар Құсайынов, тілші Нұрымбек Жапақовқа алғысхат табыстады. Ауданның төл басылымына айналған  «Шұғыла» қоғамдық-саяси газетінде  бүгінде сегіз адам қызмет жасауда. Өзі редактор, қарымды тілші, өлкетанушы Ахмедияр Батырханов, отыз жылдан астам бір қызметте адал еңбек терін төгіп келе жатқан жауапты хатшы  Асқар Құсайынов, өзекті мәселелерді  тереңнен қаузайтын, тіс қаққан тілші Нұрымбек Жапақов, жас тілші Әсемгүл Қуанғалиева, есеп-қисапты түгендеген Ғайнижамал Хабенқызы, корректорлық қызметпен қатар фотоға түсіру өнерін игеріп алған Гүлзара Төреғалиева, газеттің  жақсы безендірілуіне ат салысып жүрген Лаура Халина, көлік жүргізумен қатар фотоға түсірудің хас шебері Асылжан  Тұяқов сынды жандар әр апта сайын  жерлестерін жаңалықпен сусындатып келеді. Қаламдарыңа қызықты тақырыптар ілініп, тынымсыз кәсібіңіздің жемісін көріңіздер!

Ә.Қуанғалиева


«Жастар мерейі – Астана!»

Күні: , 114 рет оқылды

Астана қаласының 20 жылдығы аясында  Жәнібек аудандық  «Жастар мерейі – Астана!» атты патриоттық жастар форумы оздырылды. Аудандық мәдениет үйінде өткен шараға аудан әкімі Азамат Сафималиев, БҚО жастар саясаты  мәселелері басқармасының басшысы Аян Сақошев, БҚО жастармен жұмыс жөніндегі  ресурстық орталығының басшысы Миржан Әбілқас, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ  әкімдері, бөлім, мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдар, еңбек ардагерлері, аудан жастары қатысты. Алғаш болып сөз алған аудан басшысы Азамат Сафималиұлы форумның ашылу салтанатымен жастарды құттықтап, жастардың қоғамда алатын орнына тоқталды. Ізгі тілектерінен кейін белсенді жастар Асхат Акишев,Әдемі Базарғалиева, Бекнұр Қонысбаев, Мержан Иманбаев, Дәулет Ғайнуллиндерге  аудан әкімі атынан алғысхаттар табыстады. Өз кезегінде БҚО жастар саясаты  мәселелері басқармасының басшысы Аян Қажемірұлы басқарма алғысхаттарымен  Сәкен Құндызбаев, Ерғайыр Қуанов, Абылай Әміров, Ерлан Уахитов, Ерлан Айтқалиев, Әлішер Кенжеғалиевтерді марапаттады. Жәнібектік жалынды жастар арасынан Л.Гумилев атындағы  Еуразия ұлттық университетінің І курс студенті Нұржігіт Өрболат, Астана қаласындағы  халықаралық  ЕНАКТУС ұйымының мүшесі , жерлесіміз Дидар Ниғметов оқуда, қызметте қол жеткізген жетістіктерін айтып, жиналған қауымды  Астананың 20 жылдық мерейтойымен құттықтады.Көршілес РФ , Волгоград  облысы, Палласовка аудандық жастар бөлімі басшысының орынбасары Иван Галичкин  жәнібектіктерді келе жатқан мерекемен құттықтап, жастарға естелік сыйлық табыс етті.Ал аудандық орталықтандырылған аурухана директорының орынбасары Айдын Ержанов «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы баспанаға қол жеткізгенін, жастарға көрсетіліп жатқан қолдау жемісті еңбек етуге мүмкіндік беретінін айтты. Жиын  арнау, ән шашулармен өрілді.

Ә.Әбділдақызы


Жастар істері жөніндегі келелі кеңес

Күні: , 80 рет оқылды

Аудан әкімдігінде аудан  әкімі жанындағы  жастар істері  жөніндегі  кеңес отырысы оздырылды. Кеңеске аудан әкімі Азамат Сафималиев төрағалық етті. Жиынға БҚО жастар саясаты  мәселелері басқармасының басшысы Аян Сақошев, БҚО жастармен жұмыс жөніндегі  ресурстық орталығының басшысы Миржан Әбілқас және Жәнібек аудандық сотының төрағасы Әсел Жамантаева қатысты.Сондай-ақ, отырысқа кеңес мүшелері, ауылдық округ әкімдері, ауыл жастары шақырылған. Жиында екі мәселе күн тәртібіне қойылды. Бірінші мәселе бойынша сөз алған  аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің  басшысы Бекежан Шарафутдинов жастар арасында дәстүрлі  отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасын құру және ажырасу мәселесі төңірегінде баян етті. Хабарламашы айтылған тақырып төңірегінде оздырылған іс-шараларға тоқталды. Отбасын құрған, ажырасқан жастар санының көрсеткіштерін айтып өтті. Осы тақырып бойынша сөз алған аудандық соттың төрағасы Әсел Жамантаева  ажырасуға ынталылардың санының артуы  алаңдататынын айта келе, сот жүйесіндегі медиаторлардың қызметін  баян етті. Төраға ажырасу факторларының негізгі себебі ауылдық жерлерде көп жағдайда  ішімдікке салыну, құмар ойындарға тәуелділік екенін баса айтты. Ал жиынға қатысып отырған қыздарға отбасындағы әйел рөлі жөнінде  кеңес  берді. Отбасылық құндылықтар хақында Ақоба ауылдық мәдениет үйінің директоры, облыстық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы, жас отағасы Мейрам Бейсенғалиев те үн қосты. Екінші мәселеде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастар арасындағы  атқарылған  жұмыстар мен  өткен шаралар туралы аудандық ресурстық  орталығының басшысы  Сағымбек  Стамов  сөйледі.Ол шараларға жастардың тартылуын, жас кәсіпкерлердің белсенділігін айтты. Тау ауылдық округінің жетекші маманы Сәкен Құндызбаев жастар тарапынан жасалар игі шаралар хақында  ұсынысын білдірді. Қаралған мәселе төңірегінде БҚО жастар саясаты  мәселелері  басқармасының басшысы Аян Сакошев жастарды мазалаған сұрақтары болса қойып, мәселелерін еркін айуға  шақырды. Сонымен қатар ауданда жастарға арналған заманауи демалыс орталығын ашу жөнінде ұсыныстар тастады. Кеңесті аудан басшысы Азамат Сафималиұлы қорытындылады.

Ә.Сірәлі


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
shugulazhanibek@mail.ru

"Шұғыла"

8-711-35-21-770

.