13.03.2018, 17:29
Қараулар: 91
Аудандық оқушылар слеті

Аудандық оқушылар слеті

Бүгін аудандық білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер  туризмі және экология орталығында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында  «Мен өз өлкемді зерттеймін» жобасы  және  Астананың 20 жылдық мерейтойына орай аудандық оқушылар арасында  «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедиция жасақтарының слеті оздырылды.

Слеттің салтанатты түрде ашылу рәсімінде  сөз алған аудандық білім беру бөлімінің басшысы Миранбек Ибатов ұстаздар мен оқушыларды құттықтап, оқушыларға сәттілік тіледі. Шараға қатысушылардың  жұмыстарына баға беру үшін арнайы шақырылған әділқазылар мүшесі, өлкетанушы Ахмедияр Батырханов та жүрекжарды ізгі тілегін жеткізіп, оқушыларды елжанды болуға, туған өлке тарихын құрмет тұтуға шақырды.  Меңдігүл  Қуанәлиеваның жетекшілігіндегі бард әндер үйірмесінің шәкірттері  жерлес  композитор  Уахит Сариевтің  «Жәнібегім» әнін  әуелетіп, қатысушылардың көңілін серпілтті.  Ашылу салтанатынан соң оқушылар әзірлеген жобаларын қорғау үшін «Тарих қойнауында», «Сөнбес жұлдыздар», «Рухани қазына», «Ескерткіштер ел тарихы», «Табиғат және экология» секцияларына бөлінді. Ал  «Туған өлке соқпақтары» секциясында оқушылар өңірде өткізілген туристік-экспедициялық маршруттарды презентациялады.Әр секцияға оқушылардың жұмыстарын саралау үшін әділқазы алқалары ұйымдастырылды.

Оқушылардың бойында  ұлттық патриотизм рухын қалыптастыру мақсатында өткен слеттің қорытындысы бойынша «Тарих қойнауында» секциясы бойынша М.Ықсанов  атындағы  ЖББОМ-ның оқушысы Саят Хамидоллаұлы І орын, Ғ.Сарыбаев  атындағы ЖББОМ-ның оқушысы  Бекназар  Берікқали  ІІ орын, Ғ.Абдуллин атындағы ЖББОМ-ның  оқушысы Арнагүл Қадырова ІІІ орын иемденді. «Сөнбес жұлдыздар» секциясында топты жарған  М.Ықсанов атындағы  ЖББОМ-ның оқушысы Аймира Жұмабекова І орыннан, А.Оразбаева атындағы ЖББНМ-нің  оқушысы Бауыржан Мырзағалиев ІІ орыннан, Ұзынкөл ЖББОМ-ның  оқушысы Шамшырақ Есенғалиева ІІІ орыннан  көрінді. «Рухани қазына» секциясында белсенділік танытқан  Х.Халиуллин атындағы ЖББОМ-ның оқушысы Айсәуле Зұлхарова   І орынды,  Ғ.Абдуллин атындағы  ЖББОМ-ның оқушысы Шынар Амангелді  ІІ орынды, Тегісшіл ЖББНМ-нің  оқушысы Мөлдір Айдын ІІІ орынды иемденді. «Ескерткіштер ел тарихы» секциясы бойынша І орынды М.Ықсанов атындағы  ЖББОМ-ның оқушысы Батырхан Рамазанов, Ғ.Сарыбаев атындағы ЖББОМ-ның оқушысы  Ақұштап Лұқпанова ІІ орынды, Ғ.Абдуллин атындағы  ЖББОМ-ның  оқушысы Самал Мұхтарова ІІІ орынды иемденді. «Табиғат және экология» секциясы бойынша І орынды Т.Жароков атындағы ЖББОМ-ның  оқушысы Адель Құрманғалиева, ІІ орынды М.Ықсанов атындағы ЖББОМ-ның оқушысы Айбол Закарин, ІІІ орынды  Х.Халиуллин атындағы  ЖББОМ-ның оқушысы Гүлсезім Лазырова алды.

Жеңімпаз оқушылар диплом, Алғыс хаттармен марапатталды. Ал І орын иегерлері өз жұмыстарын  облыстық кезеңде қорғайтын болады.

Ә.Сірәлі