6.04.2018, 10:23
Қараулар: 217
Ет өндіргеніне субсидия алады

Ет өндіргеніне субсидия алады

Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Арман Исқақовтың мәліметінше үстіміздегі жылы мал шаруашылығы саласы бойынша игерілетін субсидия қаржысының көлемі 364 520 000 теңгені құрайды. Оның айтуынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялаумен бірге мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауды жүзеге асыру мақсатында демеуқаржы беріледі. Осы мақсатта биыл ауданға қозы етін өндіріп, сатқаны үшін 3 750 000 теңге, ірі қара малын бордақылауға 6 000 000 теңге субсидия бөлінген.

                                                                                           Н.Өтей

Ауыл шаруашылығы

Басқа да мақалалар