6.04.2018, 17:30
Қараулар: 709
«Сау болу – оңай!» акциясы

«Сау болу – оңай!» акциясы

Бүгін Жәнібек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың кеңесші маманы Миржан Иманбаевтың, аудандық орталық аурухананың салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері және медбикесі Зина Тілепованың, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы Іңкәр Хасаинованың қатысуымен 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай аудан орталығындағы супермаркетте, дүкендерде, бірқатар мекеме-ұйымдарда «Сау болу – оңай!» ұранымен акция өткізілді. Ондағы мақсат – салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, әр адамның өз денсаулығына жауапты екенін ұғындыру, соған назар аударту, денсаулықтың маңыздылығы мен құндылығын түсіндіру. Акция барысында дүкенге келушілер мен мекеме қызметкерлерінің артериалдық қан қысымы өлшеніп, оларға түрлі созылмалы аурулардың алдын алу бойынша кеңестер беріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды. Осындай шара аудандық орталық ауруханада да «Ашық есік» түрінде ұйымдастырылып, ниет танытқандар дәрігер мамандар тарапынан түрлі кеңестер алды.

А.ЕСІРКЕПОВ