11.04.2018, 10:16
Қараулар: 34
17 трактор сатып алды

17 трактор сатып алды

Жәнібек ауданында техникалық паркті жаңарту, жаңа техникалар алу жұмыстары қарқын алуда. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Арман Исқақовтың айтуынша, өткен жылы жаңадан 17 МТЗ-80 және МТЗ-82 тракторлары мен ауыл шаруашылығы техникалары алынған. Жаңа техникаларды лизинг жүйесімен алу ісі биыл да жалғасын таппақ. –Алдағы міндет-әр ауылда ауыл шаруашылығы техникаларын жөндейтін шеберханалар мен қосалқы бөлшектер сататын дүкендер ашу. Қосалқы бөлшектерді Ресейден әкеліп сатуды ұйымдастырса, жұмысымыз алға басады,-дейді аталған бөлім басшысы өз сөзінде.

                                                                                         Н.Өтей

Ауыл шаруашылығы

Басқа да мақалалар