13.04.2018, 10:32
Қараулар: 2436
Ғұмар Қараш және туған жер

Ғұмар Қараш және туған жер

Борсы ауылында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Ғұмар Қараш және туған жер» атты  аудандық  Ғұмар  Қараш оқулары  байқауы оздырылды. Алдымен ауылдағы білімнің қара шаңырағында тұсауы кесілген шара барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Лира Әбілова мектептің тыныс-тіршілігіне кеңінен тоқталса, Ғұмар Қараш атындағы ЖББОМ директорының міндетін уақытша атқарушы Светлана Ғұсманова, «Шұғыла» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Ахмедияр Батырхановтар сөз алып, Ғұмар бабаның өмірі мен шығармашылығы хақында ой қозғап, пікір алмасып, өлеңдерін жатқа оқып, ойшылға жыр арнап, ғылыми жобаларын дайындап келген аталмыш білім ордасы мен бірге  Е.Ниетқалиев, Ғ.Сарыбаев, М.Ықсанов атындағы ЖББОМ және Тегісшіл жалпы білім беретін негізгі мектебінің оқушыларына  сәттілік тіледі.

Ақынның өлеңін жеткіншек ұрпаққа насихаттау, ұлықтау мақсатында   ұйымдастырылған «Өлкетану» қолданбалы курсының авторы, ғұмартану бағдарламасы бойынша ғылыми жоба жетекшісі, Ғұмар Қараш  атындағы   ЖББОМ-ның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қымбат Осатова аталмыш білім ордасында ұлы ойшылдың есімін мәңгілік ету бағытында атқарылған істерге шолу жасады. «Елі Ғұмарды ұмытпайды» атты ақын шығармашылығына арналған бұрышпен  8-сынып оқушысы  Айсана Дайырғали таныстырып өтті.

Мәдениет үйінде жалғасқан шараның екінші бөлімінде оқушылар  ақын өлеңдерін  жатқа оқу,  ақынжанды жас дарындардың Ғұмар Қарашқа арналған өз туындыларын арнау және «Ғұмар Қараш және туған жер» тақырыбы аясында  шығармашылық ғылыми жобаны  қорғау бойынша сынға түсті.

Байқау қорытындысында мәнерлеп оқу бағыты бойынша 1-орынға Ғұмар  Қараш атындағы ЖББОМ-ның  10-сынып оқушысы Гүлнара Жұмаш (жетекшісі Қ.Осатова), 2-орынға М.Ықсанов атындағы ЖББОМ-ның 5-сынып оқушысы Айсәуле Қойшыбаева (жетекшісі Л.Берікқалиева), 3-орынға Ғұмар Қараш атындағы ЖББОМ-ның   8-сынып оқушысы  Аслан Құзайыр  (жетекшісі Қ.Осатова) ие болды.

Ақынға жүрекжарды өлең арнаған ақындық бағыт бойынша 1-орынға   Ғұмар  Қараш атындағы ЖББОМ-ның 9-сынып оқушысы Дияр Дарын (жетекшісі А.Көшекқалиева), 2-орынға Ғұмар Қараш атындағы ЖББОМ-ның 10-сынып оқушысы Гүлнара Жұмаш (жетекшісі Қ.Осатова), 3-орынға Е. Ниетқалиев атындағы ЖББОМ-ның 8-сынып оқушысы Дәмилия Зейнолла (жетекшісі М.Меңдіғалиева) табан тіреді.

Шығармашылық ғылыми жоба бағытында 1-орынға Ғұмар  Қараш  атындағы ЖББОМ-ның   8-сынып оқушысы  Аслан Құзайыр  (жетекшісі Қ.Осатова), 2-орынға М.Ықсанов атындағы ЖББОМ-ның 7-сынып оқушысы Саят Хамидолла (жетекшісі  Л.Берікқалиева) ие болды.

Белсенділігімен көзге түскен  Тегісшіл жалпы білім беретін негізгі мектебінің  4-сынып оқушысы  Ермұхан Ерболат (жетекшісі Т. Беркімбаева), Е. Ниетқалиев атындағы ЖББОМ-ның 8-сынып оқушысы Әйгерім Мерғалиева (жетекшісі Н.Сейітқалиева), «Көрермен көзайымы» аталымына ие болған Ғ.Сарыбаев атындағы  ЖББОМ-ның 8-сынып оқушысы Бекназар Берікқали (жетекшісі М.Перғалиева) алғысхаттармен марапатталды.

Оқушыларын жарысқа баптаған  жоғарыда есімдері аталған жетекшілермен қатар   Г.Рахмушева,  Г.Ташетова,  Ж.Сапарғалиева сынды ұстаздардың еңбегін де атап өткен ләзім.

Жүлде алған барлық оқушылар арнайы дипломмен және сыйлықпен марапатталды.

Байқауға демеуші болған  ауылдың белсенді де жанашыр азаматтары мен азаматшалары  Мансұлу Фазылова, Жасұлан Жұмашев, Берік Бекқалиев, Маралбек Әбілов, Жеңіс Тарғынов, Абзал Ташкенов, Оспанбек Асанов, Сапиолла Еркінәлиев, Ербол Есенғалиев, Оралбек Құлтанов, Мейірбек Наурызәлиевтерге  ауылдастарының алғысы шексіз болды.

 

Меңдігүл ФАЗЫЛОВА