18.04.2018, 14:25
Қараулар: 154
100 кітап – мәңгілік мұра

100 кітап – мәңгілік мұра

Бүгін М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінде студенттердің мәдени және білім деңгейін көтеру үшін «100 кітап» жобасы аясында шара өткізілді.

Жобаның мақсаты – кітап оқуға тарту арқылы әлеуеті биік, мәдениеті жоғары маман қалыптастыру, сөйлеу мәдениетінің деңгейін көтеру, ұлттық және әлемдік әдебиеттерге деген қызығушылығын арттыру, студенттердің классикалық әдеби тілді үйренуі, сөздік қорын тұрақты толықтыру және байыту, олардың грамматикалық нормалар мен ережелерді меңгеруі, коммуникативтік дағдылар мен зейінін дамыту, өз ойларын анық та айқын жеткізе білуге жұмылдыру болып табылады.

Жиында аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Гүлмира Есниязова гуманитарлық білім және әлеуметтік-экономика саласындағы 18 отандық және шет ел әдебиеті мемлекеттік тілге аударылған оқулықтар жайында айтса, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев аталмыш оқулықтардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтті. Әрмен қарай студенттер мен оқытушылар аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі дайындаған слайдты тамашалады. Колледж студенттері тарапынан сұрақтар қойылып, пікір алмасылды.

Г.МӘДИ