19.04.2018, 10:48
Қараулар: 213
Гендерлік теңдік хақында

Гендерлік теңдік хақында

Кеше «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында аудандық соттың ұйымдастыруымен «Гендерлік теңдік» тақырыбында жиын оздырылды.Басқосуды аудандық соттың судьясы Нұрмұханбет Жұмәлі жүргізіп отырды.Жиналысқа «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуаналиев, «Жәнібек әйелдері» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, аудандық ішкі саясат бөлімінен қызметкерлер қатысты.

Қазақстандық әйелдердің мүмкіндіктері мен әлеуетін экономикалық салаға қарай жұмылдыруға мемлекет ерекше ықылас танытып отыр. Осыған байланысты ауқымды шаруалар қолға алынып, отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы әзірленген болатын.

Отырысты ашқан Нұрмұханбет Бекетайұлы
бүгінгі әйелдердің қоғамдағы үлесіне тоқталды. Сондай-ақ, баяндамашы  әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты түбегейлі жою,  әйелдерді қорғау,  оларға зәбір  көрсетуге тосқауыл қою,  ана мен баланы қорғау  секілді бастамаларды да атап өтті. Аудан бойынша әйелдерге қатысты өзекті мәселелерді қаузап, өзіндік пікірін білдірді.

Басқосуға қатысқан нәзік жандылар да тақырып аясында  сөз сөйлеп, гендерлік саясатты дамытудағы ой-пікірлерімен бөлісті.

Ә.ӘБДІЛДАҚЫЗЫ