15.05.2018, 9:45
Қараулар: 713
Жәдігерлер мекеніне тарту

Жәдігерлер мекеніне тарту

Ақоба ауылындағы мектепте ашылған  музейде көне жәдігерлер көптеп жиналған. Ауыл тұрғындары ата-бабасынан сақталған  XVII ғасырдағы Құран Кәрім мен жайнамаздан бастап, тұрмыстық бұйымдардың бірнеше түрін кейінгі ұрпақ үшін тарту еткен. Бүгінде заты түгіл аты сирек аталатын заттар – мектеп музейінен көруге болатыны көңіл қуантады. Сондай-ақ музей  қабырғасына  ҰОС ардагерлері, тыл ардагерлері, ардагер ұстаздардың өмірбаяндары мен суреттері  ілінген. Жәдігерлі кабинеттің бір қабырғасын білім ордасынан түлеп ұшқан әскери ұшқыштар, қазақ күресінен республикалық додаларда орын алған спортшылардың суреттері алып тұр. Музей экспонаттарын  жинақтаушылар  ауылдың тарихы мен жетістігіне де  мән беріпті. Мектеп директоры Дулат Закариннің айтуы бойынша алдағы уақытта  музейге қосымша кабинет ашу  көзделіп отыр.  Музейді тамашалаған өлкетанушы Ахмедияр Батырханов Х.Халиуллин атындағы ЖББОМ-ның тарих пәнінің мұғалімі, музей жетекшісі Нұрберген Қарабалиевке  музейге  қоюға  НАТО әскері  пайдаланған  қару-жарақтарының  гильзаларын табыс  етті.

 

Ә.Сірәлі