18.05.2018, 9:14
Қараулар: 42
Үміткерлер ұсынылды

Үміткерлер ұсынылды

Аудан әкімі Азамат Сафималиев Жақсыбай ауылдық округі әкімінің өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты аталған ауылда болып, жергілікті қауымдастықпен консультация өткізді. Аудан әкімі қолданыстағы заң талаптарына сәйкес Жақсыбай ауылдық округі әкімінің лауазымына аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы Мерлан Еркеғұловтың, 2014 жылдың маусымынан Жақсыбай ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келе жатқан Алмат Қаратаевтың, Ұзынкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Батырхан Өтеғалиевтің кандидатураларын ұсынды.

Жиында ауыл тұрғындары кандидаттыққа ұсынылғандар ауыл әкімі болып сайланған жағдайда бірлесіп жұмыс істейтіндіктерін білдірді. Жергілікті қауымдастықпен оздырылған консультация соңында кандидаттардың сайлауға түсуге келісімі негізінде аталған тұлғалар Жақсыбай ауылдық округі әкімі лауазымына кандидат етіп ұсынылды.

                                                                                     Н.Өтей