18.05.2018, 9:36
Қараулар: 20
Санитарлық айлық хақында

Санитарлық айлық хақында

Аудан әкімі Азамат Сафималиевтің төрағалығымен  үстіміздегі жылғы 9 сәуірде өткен  кеңестің хаттамасымен сәуірдің 16-сы мен мамырдың 16-сы аудан бойынша  санитарлық-экологиялық  айлық болып жарияланып, іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Осы айлық негізінде Жәнібек ауылдық округі әкімінің орынбасары Бекжан Неғметов бастаған құрам  бірнеше көшелердің артындағы қора-қопсылардың маңындағы санитарлық тазалықты тексерген болатын. Тексеріс нәтижесін байқау үшін Бекжан Неғметов, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Табылды Сүйінішев, аудандық ішкі істер бөлімінің  учаскелік  полиция инспекторы Оян Бапахов қайта тексеріс жүргізді. Бірқатар көшенің тұрғындары қоқыстарды тазартқан. Алайда, Қ.Мусин, А.Байтұрсынов, Ш.Шарафетдинов, И.Тайманов көшелеріндегі үйлердің тұрғындары ескертуден кейін қорытынды шығармаған. Әйтсе де олар КАМАЗ көлігіне жазылып, қоқысты тиеп әкететін уақытын күтіп отырғандықтарын жеткізді. Түсінік жұмыстарын жүргізушілер айлықтың аяқтала келгенін түсіндіріп, уақытында шығарылмаған жағдайда 72 мың теңге мөлшерінде айыппұл төлейтіндерін ескертті.

Ә.Қуанғалиева

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар