18.05.2018, 9:43
Қараулар: 42
Борсы ауылдық округі әкіміне кандидаттар ұсынылды

Борсы ауылдық округі әкіміне кандидаттар ұсынылды

Аудан әкімі Азамат Сафималиев Борсы ауылдық округі әкімінің өкілеттік мерзімі бітуіне байланысты аталған ауылға барып, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Борсы ауылдық округі әкімі лауазымына аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің бас маманы Таңшолпан Ғазезованың, 2014 жылдың маусым айынан Борсы ауылдық округі әкімі қызметін атқарып жүрген Айгүл Бекқалиеваның, аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы Қуаныш Мақашовтың  кандидатураларын ұсынды.

Жиында ауыл тұрғыны, зейнеткер Ғайнолла Есенғалиев ауылдық округ әкіміне ұсынылған үміткерлер әкім болып сайланса, бірлесіп, ұйымдасып жұмыс атқаруға дайын екенін айтты. Өткізілген консультациядан кейін кандидаттардың сайлауға түсуге келісімі негізінде аты аталған үш тұлға Борсы ауылдық округі әкімі лауазымына кандидат етіп ұсынылды.

Н.Өтей

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар