18.05.2018, 14:43
Қараулар: 120
«Гүлдер әлемі» фестивалі

«Гүлдер әлемі» фестивалі

Бүгін «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінде Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған аудандық «Гүлдер әлемі» фестивалі өтті. Байқауға Ө.Сахипов, Е.Ниетқалиев, Х.Халиуллин атындағы және Ұзынкөл білім ордалары мен  А.Оразбаева атындағы негізгі мектебі және мектептен тыс жұмыс орталығы қатысты. Шараның мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді экологиялық білімінің белсенді түріне тарту, өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелей  отырып, гүл – табиғаттың ең нәзік жаратылысы тазалық пен әсемдікке баулу болып табылады. Сайыста оқушылар төрт аталым бойынша сынға түсті. Мектептен тыс жұмыс орталығының директоры Нұртілек Мизамбаев мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. «Менің арманымдағы Қазақстан» (еркін стильде түрлі гүлдерден жасалған композиция) аталымы бойынша Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ-ның оқушысы Ботагөз Досқалиева, «Астанаға тарту» (жасанды гүлдер көрмесі) аталымы  бойынша Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ-ның оқушысы Нәзерке Ырысбаева,  дефиле  «Болашақ гүлдер» (қалдық материалдардан дайындалған шығармашылық костюм) аталымы бойынша А.Оразбаева атындағы ЖББНМ-нің оқушысы Ақұштап Қуанышқалиева және сурет байқауы 5-7 сынып оқушылары арасында «Ауылымызды жасыл түске бояймыз»  аталымы бойынша Ұзынкөл ЖББОМ-ның оқушысы Елназ Елешова мен 8-10 сынып оқушылары арасында «Гүлденген Астанам!»  аталымы бойынша МТЖО тәрбиеленушісі Дана Шукуровалар иемденді. Түрлі аталымдарға ие болған оқушылар облыстық фестивальге жолдама алды. Гүлдей құлпырып жүре берейік, ағайын!

Г.ТӨРЕҒАЛИЕВА