18.05.2018, 10:00
Қараулар: 44
Әкімге үміткерлер ұсынылды

Әкімге үміткерлер ұсынылды

Аудан әкімі Азамат Сафималиев Ұзынкөл ауылындағы жергілікті қауымдастықтың жиынында Қазақстан Республикасындағы заң талаптарына сәйкес ауылдық окру әкімдерінің 4 жылға сайланатын мерзімі аяқталуына байланысты Ұзынкөл ауылдық округі әкіміне кандидат  ретінде ұсынылған тұлғалар бойынша консультация өткізді. Қолданыстағы заң талаптарына сай аудан әкімі аталған ауылдық округі әкімі лауазымына Күйгенкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Саят Тарғыновтың, 2014 жылдың маусым  айынан бастап Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келе жатқан Алтай Бақтығалиевтың, аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Абылай Наурызалиевтің кандидатураларын ұсынды.

Жиында Ұзынкөл ауылының тұрғындары, зейнеткерлер Қымбат Дауешова, Меңсұлу Рахматуллина сөз сөйлеп, кандидаттыққа ұсынылғандар ауыл әкімі лауазымына сайланған жағдайда ортақ істе қоян-қолтық жұмыс істеуге даяр екендіктерін жеткізді. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес консультациядан соң  үміткерлердің сайлауға түсуге келісімі негізінде жоғарыда аталған үш тұлға Ұзынкөл ауылдық округі әкімі лауазымына кандидат етіп ұсынылды.

                                                                                        Н.Есенғали