18.05.2018, 18:04
Қараулар: 66
 » 
Келелі кеңес

Келелі кеңес

Бүгін аудан әкімі Азамат Сафималиевтің төрағалығымен кеңес өткізілді.Кеңеске облыстық штабтың төрайымы, облыс әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаева, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қалияр Айтмұхамбетов, БҚО экономика және бюджеттік  жоспарлау басқармасының  бюджет саясаты  және  жоспарлау  бөлімінің басшысы Гүлнара Сисекенова, БҚО қаржы басқармасының коммуналдық мүлікті басқару бөлімінің басшысы Нұркен Хамбетов, БҚО мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы, заңгер Ильдар Гайнутдинов, сондай-ақ ауданның мекеме, ұйым басшылары, ауылдық округ әкімдері, қаржыгерлер, бухгалтерлер қатысты.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстан Республикасы  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігі ел экономикасына  бейресми  жұмыспен қамтылған халықты қалыптастыру және тарту мақсатында 2018-2020 жылдарға арналған «Жол картасын» әзірлеген болатын. Жиын жол картасы  шеңберінде халықтың барлық санаты бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылғандарды заңдастыруға және оларды жұмыспен қамту  бағдарламасына  тартуға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары  және облыстық, аудандық деңгейде құрылған штаб жұмыстары төңірегінде болды.

Күн тәртібіне ұсынылған бірінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары, аудандық штабтың төрағасы сөз алып, бейресмей жұмыспен қамтылған халықты рәсімдеу бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жол картасының орындалу барысы туралы есеп берді. Баяндамадан соң Бибігүл Тишанқызы бірқатар айтылған мәселелерге қатысты бөлім басшыларына нақтылау мақсатында сұрақтар қойып отырды. Ал «Қазақстан Республикасы Заңы шеңберінде  жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншікті  басқару туралы» екінші мәселе төңірегінде БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының өңірлік даму және монитринг бөлімінің басшысы Райса Еркеғалиева сөз алды.Райса Жұмахметқызы аудан бойынша бюджетке қатысты проблема туындап отырмағанын айта келе, бүгінде көп ауданда интернет жылдамдығының баяу екендігін тілге тиек етті. Баяндамашы  штаттық мәселе төңірегінде біраз ой тарқатты.Жиын барысында БҚО қаржы басқармасының коммуналдық мүлікті басқару бөлімінің басшысы Нұркен Болатұлы  мен БҚО мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маман-заңгері Ильдар Рафикұлы қаржы саласына қатысты мамандардың сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берді.

Жиын барысында ауылдық округ әкімдері тарапынан халық санағы, мал санақтары бойынша ұсыныс-пікірлер болды.

-Кездесу барысында  көптеген мәселелер талқыланып, шешілу жолдары қарастырылды. Қозғалған мәселелер менің бақылауыма алынады.Бүгінге кеңеске қатысып,көптеген мәліметтер, жоспарланған жұмыстар туралы ақпараттар берген облыстан келген қонақтарымызға алғыс айтамын,-деді аудан басшысы қорытынды сөзінде.

Әсемгүл Қуанғалиева