22.05.2018, 17:03
Қараулар: 13
Алғысхаттармен марапаттады

Алғысхаттармен марапаттады

Кеше Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Жәнібек аудандық мәдениет үйінде аудан мәдениет қызметкерлерінің және аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешовтың қатысуымен жиын болып өтті.

Күн тәртібіне төрт мәселе ұсынылып, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Б.Шарафутдинов «2017 жылы және 2018 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар туралы», «Рухани қазына» кіші бағдарламасының менеджері Г.Ниязалиева «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында биылғы 5 айда тындырылған істер туралы», Ұзынкөл ауылдық мәдениет үйінің директоры Е.Әубекеров «Ұзынкөл ауылдық мәдениет үйі бойынша өткен жылы атқарылған және биылғы алда тұрған міндеттер туралы», Қамысты ауылдық модельді кітапханасының басшысы Г.Иқсанова «ОКЖ бойынша былтыр атқарылған жұмыстар мен биылғы алда тұрған міндеттер туралы» баяндап өтті.

Жиында сөз сөйлеген Біржан Нұрланұлы мәдениет қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, ОКЖ-нің ақпаратты-библиография бөлімінің кітапханашысы Ж.Бірмановаға облыс әкімінің, Қамысты ауылдық модельді кітапханасының басшысы Г.Иқсанова, ОКЖ әдістеме бөлімінің басшысы Н.Мұқанбетқалиева, Тегісшіл бөлімше кітапханашысы Г.Исқақова, Өнеге бөлімше кітапханашысы Д.Еркеғұлова, аудандық балалар кітапханасының басшысы Ж.Тұяқова, Жақсыбай ауылдық мәдениет үйінің директоры Н.Бақтыгереева, аудандық «Ақмаржан» халықтық-би ұжымының балетмейстері З.Мұратоваларға облыстық мәдениет, құжаттама және архивтер басқармасының, аудандық ОКЖ-нің директоры С.Жукина, Жақсыбай ауылдық кітапханасының меңгерушісі С.Айтуғанова, аудандық мәдениет үйінің саз сүйемелдеушісі Р.Кәрімов, демалыс орталығының кадр бөлімінің инспекторы И.Байрамова, Жақсыбай ауылдық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы З.Жұмағалиеваларға аудан әкімінің алғысхаттарын салтанатты түрде табыс етті.

А.ЕСІРКЕПОВ