5.06.2018, 12:04
Қараулар: 152
Сақтансаң – сақтайды

Сақтансаң – сақтайды

Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бізге берген мәліметіне қарағанда, аудан бойынша 475 трактор есепте тұрған көрінеді. Содан 285 трактор техникалық байқауға қатысады деп жоспарланса, қатысқаны — 125. Байқау барысында 112 трактор техникалық тұрғыдан жарамды деп танылса, 13 техникадан ақау шыққан. Байқау қорытындысы 55,00 процентті құраған. Ауылдық округтерге тоқталар болсақ, Жақсыбайдан қатысқан 11 трактордың барлығы техникалық байқаудан өтсе, Ақобадан қатысқан 12, Борсыдан 20, Жәнібектен 14 трактордың 1-еуі, Таловтан 15, Ұзынкөлден 15 трактордың 2-еуі, Қамыстыдан 18, Таудан 19 трактордың 3-еуі ақаулы болып табылған. Техникалық байқауға қатыспаған 190 бірлік техниканың ішінде: 2015 жылдан бері алынған жаңа техникалар және жарамсыз, тозығы жеткен, тіркеуден шығарылмай қалған тракторлар да бар екен.

— Енді санаулы күндерден кейін ауданда мал азыған дайындау науқаны басталады. Осыған орай шаруа қожалықтары шөп шабуға шығар алдында трактордың тұрбасын ұшқын өшіргішпен, басқа да өрт сөндіру құралдарымен жабдықтауы қажет. Өртті сөндіргеннен гөрі, оның алдын алған әдеқайда тиімді екендігі белгілі. Сондықтан «сақтансаң – сақтаймын» деген, мал азығының қажетті қорын дайындап алу жолында өрт қауіпсіздігі ережелерін әрдайым естен шығармайық, — дейді аталған бөлімнің бас маманы Асылбек Қамашев.

А.ЕСІРКЕПОВ

 

Ауыл шаруашылығы

Басқа да мақалалар