Кеше Жәнібек ауданында мектеп түлектері үшін өткен Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындылары белгілі болды. №811 ҰБТ өткізу пунктінің берген мәліметінше,Ғ.Қараш атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы, «Алтын белгі» иегері Гүлнаргизада Нұрмұханова 128 және Т.Жароков атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы, «Алтын белгі иегері» Алина Қыдырғалиева 127 балл жинаған. Сондай-ақ, бірнеше 126,125 балл жинаған оқушылар легі бар.
Сонымен ҰБТ қорытындысы бойынша аудан мектептері орташа балл жөнінен былайша орналасты: 1. Ғ.Қараш атындағы ЖББОМ – 98; 2. Т.Жароков атындағы ЖББОМ – 84,81; 3. Ө.Сақыпов атындағы ЖББОМ – 83,4; 4. Ғ.Абдуллин атындағы ЖББОМ – 81,5; 5. Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ – 77,3; 6. М.Ықсанов атындағы ЖББОМ-балабақша кешені – 70,2;
- Ғ.Сарыбаев атындағы ЖББОМ-балабақша кешені – 69,4; 8. №1 мектеп-лицей – 68; 9. Х.Халиуллин атындағы ЖББОМ- 67,2; 10. Ұзынкөл ЖББОМ-60,5;
Ал аудан бойынша орташа балл – 76,7.
Ә.ҚУАНҒАЛИЕВА