13.08.2018, 10:13
Қараулар: 706
Берекелі жәрмеңке

Берекелі жәрмеңке

Халық тұтынатын тауарлардың, әсіресе азық-түлік бағасының сан құбылып жатқан шағында, ауданымызда әр сенбі сайын ұйымдастырылып жатқан  жәрмеңке тұрғындарға өте тиімді. Өткен сенбіде орталық «Әлем» базарында кезекті жәрмеңке өтті.Халыққа арзандатылған бағамен  ұсынылған  азық-түлік  өнімдері  жәрмеңкеде  өз тұтынушыларын тапты.  Бұл жолы  Тау ауылынан  2 ірі қара, 1 қой,  Жәнібек ауылынан 2 ірі қараның,бір қойдың еті шығарылды. Ірі  қара етінің келісі 1300 теңге, қойдың еті 1200 теңге болды.Сондай-ақ ауылшаруашылық өнімдерінен сары май (келісі 3000 теңге), сүзбе (келісі 600 теңге), құрт (келісі 900теңге) сатылды.

Мектеп оқушыларына арналған тауарлар да төмендетілген бағамен тұтынушылардың қызығушылығын оятты. Жәрмеңкеге ағылған халықтың легі толастамады.

Ә.Сірәлі

Ауыл шаруашылығы

Басқа да мақалалар