20.08.2018, 12:07
Қараулар: 16
Ұлағатты ұстазға «Жәнібек ауданының құрметті азаматы» атағы берілді

Ұлағатты ұстазға «Жәнібек ауданының құрметті азаматы» атағы берілді

Өткен 2017 жылдың 17 тамыз күні өңіріміздегі білім беру саласының үздігі Өтебай Құспановқа  Жәнібек аудандық мәслихат сессиясының  «Жәнібек ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы № 15-5 шешімі қабылданған болатын.        Бүгін аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов туған жер топырағына келіп жеткен Өтебай Құспанұлын құттықтап, кеудебелгісі мен иығына лента тақты. Өз кезегінде ардагер ұстаз Жәнібекте туғанын мақтан тұтатынын, ауданда болып жатқан игі бастамалар мен жағымды жаңалықтардың барлығына қуанатынын жеткізді. Туған жерден алған атақ бұдан бұрын алған басқа құрметтерден қымбат екенін айта келе, жерлестеріне алғысын білдірді. Құрметті азаматқа жерлестері атынан замандасы Бекет Әліпқалиев те құттықтау айтты.

Өтебай Құспанов 1942 жылы Жәнібек ауданы  Тегісшіл ауылында дүниеге келген. Орал педагогикалық институтының физика-математика  факультетін 1964 жылы бітірген. Білім саласында қызмет атқарған. КСРО білім беру ісінің үздігі, ҚР білім беру ісінің  құрметті қызметкері, сондай-ақ ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен, Ы.Алтынсарин, «ҚР білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына  сіңірген еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.

Ә.Сірәлі

Құттықтаймыз

Басқа да мақалалар