12.09.2018, 10:02
Қараулар: 215
Сотта «Ашық есік» күні өткізілді

Сотта «Ашық есік» күні өткізілді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудандық сотта  «Отбасы күні» қарсаңында «Ашық есік» күні өткізілді.

Отбасы институтына  ерекше көңіл бөлу, ұрпақ арасындағы қарым-қатынасты нығайту, азаматтардың құқықтық санасын дамыта отырып, сот қызметімен таныстыру мақсатында өткен шараға мемлекеттік қызметкерлердің туысқандары шақырылды.

Шара барысында қонақтарды мерекемен құттықтаған кеңсе меңгерушісі Ержан Әліпқалиев қоғамдағы отбасының рөлі, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы, бала тәрбиесі хақында ойын өрбітті.

Сондай-ақ ол қонақтарды  кеңсе жұмысымен таныстырып, сот жүйесіндегі өзгерістерді, соның ішінде істерді электрондық түрде қараудың артықшылығын, сот кабинеті мен  «Төрелік» бағдарламасының мүмкіндіктерін атап өтті.

Кездесуге белсене қатысқан  қонақтар алғыс білдіріп, сот ұжымының  жұмысына сәттілік тіледі.

         Ә.Сірәлі