25.10.2018, 16:46
Қараулар: 15
Жол жөндеудің 70 пайызы аяқталды

Жол жөндеудің 70 пайызы аяқталды

Бүгін партиялық бақылау аясында «Нұр Отан» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері және «Бірлік» ЖШС-нің бас инженері В.Цой аудан орталығында ауылішілік жолдарға қара жамылғы (асфальт) төсеу жұмыстарының барысымен танысты. Олар Ғ.Қараш, Ш.Мәжитов, Ш.Шарафетдинов, Жеңіс көшелерін аралап шықты. Комиссия мүшелеріне бас инженер жолдың жөнделу технологиясын егжей-тегжейлі түсіндірді. Жөнделу жоспарланған 10 шақырым, ені 6 метрлік жолдың қазірде 70 пайызы аяқталған. Төселген асфальттің қалыңдығы 6 сантиметр.

Аталған жөндеу жұмыстары жобалық-сметалық құжаттамаға сай қазан, қараша айларында аяқталады деп жоспарлануда.

 

Гүлзара Төреғалиева