26.10.2018, 12:43
Қараулар: 768
Қайырымдылық ісіңнен көрінеді

Қайырымдылық ісіңнен көрінеді

Бүгін аудандық мәдениет үйінің фойесінде «Мейірбандық күндері» қайырымдылық айлығына орай киім-кешектер жәрмеңкесі өтті.

— Үстіміздегі жылдың 1 қазан мен 1 қараша күндері аралығында қайырымдылық айлығы деп жарияланған болатын. Жыл сайын өткізілетін бұл жәрмеңке де қайырымдылықтың көрінісі. Аудандық мекеме, кәсіпкерлер және ауыл тұрғындарынан киімдер жиналды. Аз қамтылған отбасыларға арналған киім-кешек жәрмеңкесінде жоспарға сай қысқы, күзгі киімдер мен аяқ киімдер бар. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл жәрмеңкеге тұрғындар көптеп жиналды, — деді аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғибрат Айтқалиев.

Өткізілген жәрмеңкеде негізінен киімдердің басым көпшілігі ине мен жіптен жаңа шыққандай көрінгенін айта кетуіміз керек.

Гүлзара Төреғалиева