30.10.2018, 10:14
Қараулар: 724
Пікір алмасты

Пікір алмасты

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында осы филиал және аудандық  ішкі саясат бөлімі, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылаған жиын өтті.

Жиында ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова сөз сөйледі.
-Аудан әкімінің Жолдауды халыққа түсіндіруге арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Әр қазақстандық Жолдауды егжей-тегжейлі оқып, түсініп, білуі керек. Сол себептен кесте жасақталып, ауданға қарасты ауылдық округтердің тұрғындарымен аудандық мәслихат депутаттары және топ мүшелері кездесулер өткізуде. Аудан орталығындағы мекемелерде осындай бағытта түсіндіру жұмыстары жүргізілуде,-деді Жанар Диясқызы.

Жиынға қатысқан «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының  бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев Жолдаудағы  бөлімдерге егжей-тегжейлі тоқталды. Жиын барысында оған қатысушылар өзара пікір алмасты.

Л.Халина

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар