2.11.2018, 14:52
Қараулар: 17
Жолдауды талқылау

Жолдауды талқылау

Жәнібек ауылдық округі әкімдігінде Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылауға арналған жиын өтіп, оған аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, ауылдық округ әкімі аппаратының және аудандық «Шұғыла» газетінің қызметкерлері қатысты.

Жиында аудандық мәслихаттың хатшысы Тахир Қадимов Жолдаудан туындайтын міндеттерге жан-жақты тоқталып, кейбір баптарға қатысты нақты мысалдар келтіріп, сөз сөйледі. Кейін ол жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Жарқын Ахметкереев