2.11.2018, 15:04
Қараулар: 13
Халыққа арналған құжатты насихаттады

Халыққа арналған құжатты насихаттады

Тау ауылында Елбасының биыл 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа арнаған Жолдауын тұрғындарға насихаттауға арналған кездесу болды. Жиынды Тау ауылдық округінің әкімі Кенжебек Еркеғұлов ашып, жүргізді. Басқосу барысында аудандық ақпараттық насихат тобының мүшесі, аудандық «Шұғыла» газетінің директор-редакторы Нұрымбек Жапақов Елбасы Жолдауына байланысты баяндама жасады. Баяндама бойынша жарыссөзге «Қайрат» бөбекжайының директоры Алтынай Қарашева, Ғ.Абдуллин атындағы мектептің мұғалімі Жайдарлы Ғилаж, Тау ауылдық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Төлепқали Азберген қатысып, сөз сөйледі. Олар Президент Жолдауынан туындайтын міндеттерді айтып, пікірлерін ортаға салды.

         Н.Есенғали