5.11.2018, 10:02
Қараулар: 687
Жеңімпаздар анықталды

Жеңімпаздар анықталды

Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің 50 жылдығына орай аударыспақ пен шағын футболдан аудандық чемпионат болып өтті.

Шағын футболдан 2009-2010 жылы туған кіші жасөспірім арасында 1, 2, 3 орынды тиісінше Жәнібек-1, Қамысты және Жәнібек-2 командалары иемденді. Аталымдар бойынша «Үздік қақпашы» — Қайсар Қамит (Жәнібек), «Үздік шабуылшы» — Жарқын Ажығали (Қамысты), «Үздік қорғаушы» — Есімхан Есімғали (Қамысты), «Үздік ойыншы» — Дәулет Мәдиев (Жәнібек) ие болды.

Аударыспақтан 2003-2005 жылы дүниеге келген кіші жасөспірімдер арасында 32, 36, 40, 44, +50 келі салмақ дәрежесінде тиісінше Марсель Мұташев, Ерсұлтан Шафхатов, Нұрболсын Мақашев, Жалын Бисенбаев,   Нұрболсын Мақашев бірінші орын алды. 2000-2002 жылы туған жастар арасында «Түйе палуан» атағы Мирас Берікбаевқа бұйырды.

Г.Тілекқабылқызы