5.11.2018, 10:17
Қараулар: 161
Бәйге маусымы жабылды

Бәйге маусымы жабылды

Астана қаласының 20 жылдығына, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің құрылғанына 50 жыл толуына байланысты және бәйге маусымының жабылуына арналған дала қызықтары оздырылды. Оған аудан әкімі Азамат Сафималиев, аудан тұрғындары және қонақтар қатысты. Аударыспақ, толағай тартыс, арқан тартыс, жаяу жүгіріс, тай жарыс және топ бәйге сынды ұлттық ойындар тамашаланды. Дала қызықтарына аудан тұрғындары көптеп жиналды. Көршілес Палласовка, Қазталов, Бөкей Ордасы және Ақжайық аудандарынан шабандоздар келіп, өнерлерін ортаға салды. Жарыстың басталуында әншілер Мейрамгүл Дәулетқалиева мен Қажымұқан Хамидолла әндерімен жиылған қауымды сергітті.

Аударыспақтан 1, 2, 3 орындарды тиісінше Мирас Берікбаев, Жансерік Қалмияров, Нұрберген Аманғалиұлы иемденді. Толағай тартыстан бірінші орынды Ниязбек Оңайәлиев, екінші орынды Равиль Қалмияров және үшінші орынды Нұрберген Аманғалиұлы бөлісті. Арқан тартыстан бірінші, екінші, үшінші орынды сәйкесінше «Алға Қазақстан» (Жәнібек), Ақоба, Күйгенкөл командалары жеңіп алды. Жаяу жүгірістен Арман Есболатов үздік атанды. Тай жарыстың қорытындысы бойынша 1-орын Шерхан Абатовқа (Бөкей Ордасы), 2-орын Мейрамбек Зейноллаға (Қазталов) және 3-орын Арсен Құбышевке (Ақоба) бұйырды. Ал топ бәйгенің нәтижесі бойынша бірінші орыннан Бекзат Ахметкереев (Жәнібек), екінші орыннан Бақберген Кенжемұрат (Ақжайық) және үшінші орыннан Азат Мұратов (Бөкей Ордасы) көрінді.

Г.ТІЛЕКҚАБЫЛҚЫЗЫ

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.

Түсініктеме

One thing I’d really like to state is prior to purchasing far more laptop or computer memory, look at the machine within so it would be set up. Should the appliance is jogging Windows 7, for instance, a recollection limit is actually Three.25GB. Adding more than this might basically make up a new squander. Be sure that a person’s motherboard are prepared for this update quantity, too. Thanks for your article. Schuhe Kaufen http://site1998.vzshop.info