9.11.2018, 16:51
Қараулар: 502
«Жасотандықтар» қолғабыс берді

«Жасотандықтар» қолғабыс берді

Мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріліп, жан-жақты қамқорлық жасалуда. Сондай игі бастаманың бірі – «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен оздырылып жатқан «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы.

Таяуда «Жас Отан» Жастар қанатының Жәнібек аудандық бөлімшесі аталмыш партиялық жоба аясында  Жәнібек ауылының тұрғыны, мүгедек жан Қ. Ғұмарованың үйіне арнайы барды. Қантым Ғұмарқызы 2011 жылы облыстық мүгедектер ерікті қоғамының ұйымдастыруымен оздырылған жиынға барып, сонда демеушілердің көмегімен шетелдік компанияның «Тоцци Казахстан» филиалының «BROTHER» тігін машинасына ие болған. Содан бері Қантым Аманқызы өзінің ажырамас серігіне айналған тігін машинасымен қазақ халқының ою-өрнектерімен безендірілген қоржын, төсемше, тұскиіз, жастықша секілді   бұйымдарын көпшілік назарына ұсынып келеді. Қазіргі уақытта оның ермегі де, табыс көзі де осы болып отыр.

«Жасотандықтар» қорғауға да, қолдауға да зәру жанның көңілін аулап, бір күндік уақыттарын бөліп, шаруашылығына қолғабыс-көмектерін тигізді.

А.ЕСІРКЕПОВ