9.11.2018, 18:27
Қараулар: 51
Жәнібекте дәмхана мен шаштараз ашылды

Жәнібекте дәмхана мен шаштараз ашылды

Бүгін аудан орталығында «Sultan Kebab» дәмханасы мен «Barber Shop» ерлерге арналған шаштараздың салтанатты түрде ашылу рәсімі болып өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, аудан тұрғындары мен жастары қатысты.

Құттықтау сөз аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдоловқа беріліп, ол қос нысанның ашылуымен құттықтап, жастар жылында жақсы жетістікке жетулеріне тілектестігін білдірді. Өз кезегінде «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттың» иесі, «Sultan Kebab» дәмханасының басшысы Мөлдір Стамова аудан әкімдігіне, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына, жастар ресурстық орталығына, облыстық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына дәмхананың ашылуына қолдау білдіргендері үшін алғысын білдірді. Бұдан соң лента қию рәсімін аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов, шаңырақ анасы Замзамгүл Мұратова және «Barber Shop» ерлерге арналған шаштараздың басшысы Мейрамбек Шайдуллин жасады. Жиналған қауым  қос ғимаратты аралап көрді.

Гүлзара Төреғалиева

          Материалды толығырақ аудандық «Шұғыла» газетінің кезекті санынан оқи аласыздар.