13.11.2018, 17:14
Қараулар: 30
40 адам тұрақты жұмысқа орналасты

40 адам тұрақты жұмысқа орналасты

Жәнібек ауданында  «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының бағдарламаға қатысушыларды техникалық, кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді оқумен қамтамасыз ету деп аталатын бірінші бағытына сәйкес былтыр 20 адам оқуын бастаса, биыл да 20 адам М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінде фермер шаруашылығы мамандығы бойынша оқытылуда. Жәнібек ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрлыбек Төрешовтың айтуынша, оларға шәкіртақы, жол жүру және жататын орнының ақысы төленуде. Сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдыларға сай биыл 77 адамды оқыту жоспарланып, оған 14 млн. 948 мың теңге қаржы бөлінген. Жоспарға сәйкес 5 оқу орнымен келісімшарт жасалынды. — Күні бүгін 71 адам оқу курсын аяқтап, қалған 18 адам оқуын жалғастыруда. Оқу курсын бітіргендер қатарынан 40 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды,-дейді Нұрлыбек Берікқалиұлы өз сөзінде.

                                                                            Г.Тілекқабылқызы