АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Жалпыхалықтық диктант өткізілді

Күні , 115 рет оқылды

Бүгін республика бойынша барлық өңірде, ауданның №1 мектеп-лицейінде, Т.Жароков пен А.Оразбаева атындағы мектептерінде, М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің базасында және ауылдық округтердің барлық мектептерінде латын негізде қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалау, бейімделу мақсатында жалпыхалықтық диктант өткізілді. Оған шекара, медицина, мемлекеттік және білім саласының қызметкерлері мен тұрғындар қатысты. — Жәнібек ауданы бойынша барлығы 3800 адам диктантқа қатысып отыр. Соның ішінде Жәнібек ауылында 1000-ға жуық адам болса, қалғаны ауылдық округтерде. Аудан әкімі орынбасарының төрағалығымен арнайы жұмыс тобы құрылды. Диктант практикалық тұрғыда және 2025 жылға дейін, яғни латын әліпбиі қолданысқа толық енгенше көзіміз үйреніп, қолымыз жаттыға берсін деген мақсатпен өткізіліп жатыр, — деді аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бекежан Шарафутдинов.

Лаура ХАЛИНА


Пікір қалдыру


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
shugulazhanibek@mail.ru

"Шұғыла"

8-711-35-21-770

.