14.11.2018, 12:32
Қараулар: 10
Асыл ананы ардақтады

Асыл ананы ардақтады

Бүгін Жәнібек ауылындағы Ардагерлер үйінде аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен ауданға танымал азаматша Бәтима Азаматованың 70 жасқа толу мерейтойына орай «Асыл ана» атты шара өтті. Онда аталған кеңестің төрағасы Амангелді Уәлиев құттықтау сөз сөйлеп, мерейжас иесіне алғысхат табыстады. Сонымен қатар Орал қаласындағы жәнібектік жерлестердің атынан Сәбила Жүнісованың сәлемдемесі мен құттықтауын жеткізді. Сонан кейін «Надежда», «Ақниет» әжелер ансамбльдерінің мүшелері кезегімен сөз алып, Бәтима Әліпқалиқызына жүректен шыққан ізгі тілектерін арнады, естеліктерімен бөлісті. Шара барысында Б.Азаматованың өмірінен сыр шертетін фотослайд көпшілік назарына ұсынылды. Елеусін Зинуллин, Шынтемір Рамазановтың домбыра мен баянда сүйемелдеуімен ардагерлер ән шырқап, вальс биледі.

А.ЕСІРКЕПОВ

(Толығырақ аудандық «Шұғыла» газетінің алдағы санынан оқи аласыздар).