АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Еңбекақы өседі

Күні , 316 рет оқылды

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешовтың төрағалығымен жиын болып өтті. Оған жұмыс беруші мекеме, ұйым басшылары, кәсіпкерлер және шаруа қожалықтары қатысты. Басқосуда төрт мәселе қаралды. Жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысын көтеру туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сариев баяндады. Бұл мәселе бойынша жарыссөзге «Алтын жіп» ательесінің басшысы Бәтима Масанова, «Ахметқалиева» ЖК-нің басшысы Дәржан Ахметқалиева және «Байсал» шаруа қожалығының жетекшісі Тұрсын Осатов қатысты. Сонымен қатар, «Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғибрат Айтқалиев мәлімдесе, электрондық «Еңбек биржасы» порталында жұмыс берушілердің бос жұмыс орындарына орналастыру хақында аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрлыбек Төрешов айтып өтті. Сондай-ақ, Орал қаласынан «Орал Инвест» серіктестігінің өкілдері Әйбек Қажмұқамбетов пен Бижан Нұрқатов арнайы келіп, несие, несиелік желі және оны рәсімдеу жайында егжей-тегжейлі тоқталды. Жиынға қатысушылар тарапынан сауалдар қойылып, тұшымды жауаптар алынды. Жиналысты аудан әкімінің орынбасары Біржан Нұрланұлы қорытындалады.

Г.Мәди


Пікір қалдыру


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
shugulazhanibek@mail.ru

"Шұғыла"

8-711-35-21-770

.