19.11.2018, 11:57
Қараулар: 62
59 жаңа жұмыс орындары құрылды

59 жаңа жұмыс орындары құрылды

Жаппай кәсіпкерлікті дамытуда Жәнібек ауданы бойынша биыл «Бастау Бизнес» жобасы аясында 6 топқа бөліп оқыту жоспарланды. Соның ішінде 5 топтағы 149 адам оқып, сертификаттарын алды. Осы уақытқа дейін оқыған азаматтардың 137-сі бизнес-жоспарларын қорғады.

— Жыл басынан күні бүгінге дейін кәсіпкерлікпен айналысуға 110  адам шағын несие алу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына тіркеліп, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаты бар жұмыссыз және өзін-өзі нәтижесіз қамтыған 100 адам қаржыландыру үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамына жолданды. Қазіргі таңда 66 адам 190 млн. 550 мың теңге шағын несие алып, өз кәсіптерін ашуға және жұмыс жасап отырған кәсіпкерлер өз кәсіптерін одан әрі дамытуға мүмкіндік алды. Ашылған кәсіпкерлік нысандарында 59 жаңа жұмыс орындары құрылды, —  дейді аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрлыбек Төрешов.

Гүлзара Төреғалиева