20.11.2018, 10:52
Қараулар: 28
Жақсы қарқынмен дамуда

Жақсы қарқынмен дамуда

Жәнібек ауданының негізгі кәсібі болып табылатын мал шаруашылығы жақсы қарқынмен дамуда. Аудан бойынша үстіміздегі жылдың 1 қарашасына ірі қара 44545 басты құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 9,3; қой мен ешкі 80918 басқа артып, 6,1; жылқы 15009 басқа жетіп, 24,6; түйе 108 басқа өсіп, 10,2; құс 23139-ға жетіп, 1,9 пайызды құрап отыр. Мәліметтен көріп отырғаныңыздай, ірі қара, түйе және жылқы өсімі айтарлықтай деуге толық негіз бар.

Аудан шаруаларының төрт түліктен төл алу көрсеткіштеріне келетін болсақ, 20001бас сиырдан 17502 бұзау (әр жүз аналыққа шаққанда 82 бас), 44397 саулықтан 36850 қозы (83 бас), 3201 ешкіден 2881 лақ (90 бас), 6617 биеден 4632 құлын (70 бас) алынып, қора-қопсыларын толтырған.

А.ЕСІРКЕПОВ